Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің бастамасына сәйкес және қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу мақсатында мектебімізде «Адалдық дүкені » ашылды. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне – өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да , төленетін ақшаны жанындағы терминалы (қорапқа) салып кетеді. Мұндай әркеттер оқушылардың жағымды , моральдік қасиеттерін , соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу.
