Медеуов Нұрлан Бекболат

Мектеп директоры

ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабарландырулар, жаңалықтар және басқа іс-шаралар

МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ

Мектеп туралы

  Әрбір мектептің өзіне тән тарихы, қызықты шежіресі бар. Оның құрылуы, орнығып өсуі, есеюі өз аймағындағы экономикалық мәдениеттің даму процесімен тікелей байланысты, яғни мектеп өмірі еліміздегі қоғамдық – әлеуметтік өзгерістердің айғагы. Қай мектеп болмасын, өз өрендерінің сусынын білім бұлағынан қандырып қана қоймай, өмірге баулып, өр мінезді өжет жандар тәрбиелеп шығарады. Туған елдің асыл қазынасы – Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі де талай- талай адамдарға тәлім – тәрбие берген мәдени орын, асыл мұралар мекені, ел келбеті. Жалпы айтқанда,  мектеп тарихы –  ел тарихы, өткен мен болашақты жалғастырушы. Мектеп – халықтың рухани бесігі, ал, мектеп тарихы – гүлдену жолының қалыптасуы.

Ұстаздарға ұстаз болған 65 жылдық тарихы бар «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің іргетасы 1954 жылы қаланған. Осы білім ордасынан білім алған түлектер бүгінде Республикамыздың түпкір – түпкірінде жүріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Алғашқы білім бастауы 1954 жылы Саркырама елді мекенінде оқушылар мен мұғалімдердің күшімен салынған, таза қазақ тілінде оқытатын, жетіжылдық мектеп болып жер төледе ашылды. Дәл осы сәттен білім ордасының тарихы басталады… Тарихта  1954  жылдан бастап  тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталғаны белгілі. Үкімет мектептер, балабақшалар санын көбейте бастағанымен, қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды және қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. 

      Тарихта 1962 жылдан бастап барлық жетіжылдық мектептер сегізжылдық мектептеріне, содан кейін бірте-бірте онжылдық мектептеріне айнала бастады..

Тарих беттерінен:      1954-1962  жылдары- Жаңажол жетіжылдық мектебі

                                        1962-1974 жылдары – Жаңажол сегізжылдық мектебі

                                        1974 -2018 жылдары – «Жаңажол орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

                                        2018 жылдан бастап «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

    Ұстаз болу- кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Осынау 65 жыл ішінде қарапайым ұстаздықтан директор қызметіне дейін көтеріліп, осы салада абыройлы еңбек етіп, білікті басшы ретінде мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан талай білікті мамандар болды. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған мектеп басшыларының орны ерекше. Солардың бірі-Медеуов Нұрлан Бекболатұлы.

Н.М.Бекболатұлы Жаңажол ЖББОМ-ін 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап басқарып келеді.

Туған күні, айы, жылы: 03.08.1988жыл. Бітірген оқу орны: Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институты, физика бакалавры мамандығы бойынша, 2009 жыл;  Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті,  ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша, 2013 жыл.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылы салынған. Мекен-жайы:  Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы. Н.Қаржаубаев 2А.  Жалпы ауданы -2545,7  Типтік үлгіде салынған,  270 орынға арналған. Оқушы саны – 279.

        Мектеп ғимаратында   химия-биология, физика пәндеріне арналған арнайы оқу кабинеттері бар. Оқу кабинеттері 2011 жылдан бері құжаттары жасалып,  паспортталған.

Оқу ғимараты: 2011жылы 270 орынға арналған, жалпы ауданы- 2545,7 кв.м.,  екі қабатты типтік үлгіде салынған.

        2020-2021 оқу жылында мектепте 53 мұғалім қызмет жасауда

        2020-2021 оқу жылында 279 оқушы білім алады.

        Мектепте барлығы:   19 класс-комплект. 

        1-4  -кластар бойынша –  7класс-комплект  109 оқушы.

        5-9   -кластар бойынша –  9 класс- комплект,  …оқушы.

        10-11  -класс бойынша –  3 класс – комплект,  …оқушы.

Ұлттық құрамы: 100% қазақ 

        Мектепалды даярлық тобы- 2, ондағы оқушы саны -30

        Шағын орталықта-31 бала тәрбиеленуде.

Байланыс

Біздің мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Батпақкөл а/о, Жаңабұлақ ауылы, Н.Қаржаубаев к-сі 2 А

Email: zhanazhol_kz@mail.ru

Қабылдау бөлмесі / Сенім телефоны: 8 71334 51-3-07

Мектеп әкімшілігінің құрамы