Муханов Айбек Алиханович

Мектеп директоры

ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабарландырулар, жаңалықтар және басқа іс-шаралар

МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ

  «Талдысай» – Мұғалжар ауд. оңт.бат. Ойыл өзені бойында. Аудан орталығынан – 60 км. Осы елді мекенде орналасқан мектеп Талдысай орта мектебі деп аталады.Мектептің қысқаша тарихына тоқталатын болсақ, мектеп өткен ғасырдың ортасында төңіректегі бірнеше мектептің бірігуі негізінде іргетасы қаланған. Алға, Еңбек, Моисеевка, Құмқұдық, Шибұлақ бастауыш мектептері болып, жоғары кластықтықтар Молотов атындағы жеті жылдық мектебінде оқуларын жалғастыратын.

        Молотов жеті жылдық мектебі – сол өңірдегі ірі білім ордасы болып табылған.Әр кiшiгiрiм өңірдегі бастауыш мектебін бітірген оқушылар осы мектепке келіп, білімдерін одан әрi жалғастырған.

    Таспағанбетов Жоланның айтуынша: «1936 жылдар шамасында болар,Әнапия Доспағанбетов Ақтөбеден үлкен белдіктер әкелді»-дейді, солмектептің құрылысының басталғандығын дәлелдейді.  Алғашқы  шәкірттер  Тұрабаев Даулет,  Тұралин Сламғали, Кенжебаев Зәдігерей, Сахиев Бақытжан, Таспағанбетов Жолан т.б. Олар әуелі Тауғалидың үйінде (ұрпақтары ауылда тұрады), Жоныс тамы деп аталатын жерде (Жоныс деген кісі-руы-шүрен-көшкінші-жолымбет-айтуар) Көздібаев Кенжеғалидан (қазір-гі «Мұғалжар» газетінің редакторы Қуаныш Кенжеғалиевтың әкесі) латынша сауат ашқан.  Молотов мектебінде оқыған оқушылардың бірі Тарыбаева Лиманның айтуынша: «мектеп үйі тап-таза,жинақы болатын,екі қатар қойылған парталарға 2-3 кластықтар қатар оқитын еді. Жері саз балшықтан сыланған, әлсін-әлсін су сеуіп қоятын,пеш деген қызып тұрады, қараған, шағыр жағатын» –деп айтады. Ауыл тұрғындары Төлеумұхамбетов Кенбай, Мұханов Алихан, Тұрмұхамбетов Құлымжан, Барсаев Шәкірат т.б. шәкірттер мектебі туралы әңгімелегенде өткен тарихтың куәсіне қанық боламыз.

     Молотов жетіжылдық мектебiнiң директорлары мен мұғалімдерінен Қалдан Нұрмағанбетов, Есбосинов Карим, Байсеркешов Камал, Көбендесов  Қуанышбай, Барсаев Орынбасар,Жұмабаев Ыбыраш, Шакенов Тайшыбай, Боранқұлов Аймұхамбет, Бірмағанбетов Қалман, Тойшыбай Ермалаевич, Естеков Әбдіғали т.б. болған екен.Тешимов Мүсілім және Бектілеуов Майлыбай директорлық еткен жылдардағы мұғалімдер мен оқушылар бойынша мағлұматтар жинақталды. (1.08.1949 жыл.№12 бұйрықтар кітабы жинақталған).  Мектеп жанында интернат та болған, оған алыс ауылдардың балалары жатып оқыған.

     Талдысайдағы мектеп (қазіргі телемұнара тұрған төбеде) Молотов жеті-жылдық және Қонжар балалар үйі тарқағасын (балалар үйі Шұбарқұдыққа көшірілді) орталыққа орналасты. Алғашқы директоры Бектілеуов Майлыбай (1953).1964 жылдан – Құрманалин Маңғыбай, 1967 жылдан- Алдашев Мырза-бек, 1970 жылдан – Маханов Асылхан, 1977 жылдан Кенжеғұлова Айболған, 1987 жылдан Шымқаев Есімхан, 2007 жылдан Мұханов Айбек қызмет жасап келеді. Мектеп 1974-1975 оқу жылынан сегіз жылдық мектептен орта мектеп-ке ауысты.  Қазіргі таңда 84 оқушы білім алуда, 26 мұғалім жұмыс жасайды.

Директор: А.А.Муханов 

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: К.Н.Нургалиев.

Шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары: Жумагалиев Ш.С.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Сегизбаев Е.Т.

 Тәлімгер: Мугадес А.А.

Дарын жетекшісі: Әлібекова П.А.

Әлеуметтік педагог: Абдешева А.Ж.

Кәсіподақ төрайымы: Балымбетова Р.С.

Телефон нөмері: 87133378004

Байланыс

Мекен-жайымыз: Мұғалжар ауданы, Талдысай а/о, Талдысай ауылы, А.Молдағұлова к-сі 32

Қабылдау бөлмесі Сенім телефоны: 8 71333 7-80-04

Email: sh.taldysai@mail.ru

Контакты

Адрес: Актюбинская обл, Мугалжарский район, Талдысайский с/о, с.Талдысай, ул А.Молдагулова 32

Приемная / Телефон доверия: 8 71333 7-80-04