Нуртаева Гулнара Иргазиевна

Мектеп директоры

ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабарландырулар, жаңалықтар және басқа іс-шаралар

Мектеп тамақтану

Қараша 18, 2020

МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ

Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген ауданымыздағы алдыңғы қатарлы  мектептердің бірі – Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы өзінің 30 жылдық тарихы бар білім ордасы.

       1200 орынға арналған мектеп-гимназия  ғимараты 1988 жылы салынған. 1998  жылдан  бастап  «ЮНЕСКО-ның» Ассоциациаланған мектептерінің құрамында.  2004 жылдан бастап мектеп-гимназия статусын иеленді. «Қандыағаш қалалық №3МГ» ММ 2014 жылдан бері  тәжірибелі, білікті басшы, ұлағатты ұстаз, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Нуртаева Гулнар Ирзагазиевна басқарып келеді.

      Мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, заманауи құрылғылармен жабдықталған, интерактивті тақталар орнатылған, дәрісханалар, информатика, робототехника кабинеттері, мультимедиялық кабинет және арнаулы жабдықталған биология, химия, физика дәрісханалары бар. Мәжіліс залында LED экран орнатылып, барлық кабинеттер интернет желісімен жабдықталған. Мектепте үлкен бір және екі кіші спорт зал орналасқан  және мектептегі оқушылардың рухани дүниесін байытуға ұйытқы болып отырған кітапхана жұмысы да жақсы жолға қойылған. Сондай-ақ, Боранбаева Лиман Сандыбайқызы атындағы мектеп-мұражайы және оранжерея бар.

     Мектепте  педагогикалық кадр саны-137, барлық бала саны 1675,  класс комплекті 1-11 кластарда 69  класс,  мектепалды даярлық  тобы – 5   ,  шағын  орталық– 4 ,  13  гимназия  кластары  бар, 9 ұлт өкілі оқиды. Гимназия  кластарында  ағылшын  тілі  тереңдетіліп  оқытылады.   Мектебімізде  үш тілді жетік меңгерген тұлға қалыптастыру мақсатында информатика, биология  пәндері  ағылшын  тілінде  оқытылады.  Сабақ 2 ауысымда өткізіледі. 

Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.

      Мектептің ұстаздары- аудан, облыс, республика көлемінде озық тәжірибесі таратылып жүрген мұғалімдер. Жалпы марапаттауға ие болған мұғалімдер саны: Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері-1,ҚР Білім беру ісінің үздігі-1,Білім және ғылым минстрінің Алғыс хатымен-2,  «Облыстың үздік мұғадімі» атағы мен облыс әкімінің грант иегерлері -5, Облыстық білім басқармасының мадақтаулары-35, кәсіби байқау жеңімпаздары -53, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған-8, «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен-1, аудандық құрмет грамотасымен және 50 мың сыйақысымен марапатталған -3ұстаз.

         Бүгінгі таңда біздің оқушыларымыз үш тілде еркін сөйлеуге қадам басқан, жан-жақты, бәсекеге қабілетті жеке тұлғалар. Бұлай деуге себеп болатын жайттар – оқушыларымыздың түрлі деңгейдегі білім сайыстарда, пәндік олимпиадаларда, ғылыми жоба байқауларында жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленуінде.

        Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен білім ошағы ауданымызда алғашқылардың бірі болып «Жас шекарашылар» патриоттық жобасын жүзеге асырып , толағай жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

      Мектебімізде көркем – эстетика,  техникалық, декоротивті – қолданбалы , спорттық бағыттағы 10 үйірме және  10 спорттық секциялар жұмыс жасайды.

     Мектебіміз ЮНЕСКО құрамына енген облысымыздағы жалғыз мектеп атануымен бірге, халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларда бүгінгі күнге өзекті мәселе бола алатын тақырыптарды жан-жақты зерттеп, ғылыми жобаларын қорғап жүр.

        Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім бағытын» іске асыруда өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде  бірқатар тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар атқарылуда.

 

Аты – жөні, тегі

Лауазымы

Еңбек өтілі

Телефоны

1.       

Нуртаева Гулнара Иргазиевна

Директор

35

87017313741

87054752048

2.       

Мухамбедиярова Айман Тлеукабыловна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

28

87014546558

3.       

Мукатова Луара Муратовна

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

20

87472368305

4.       

Калиева Мейрамгул Кустайбековна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

32

87713095426

5.       

Тажимбетова Молдир Сапарбековна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

9

87025009429

6.       

Шубанова Ризагуль Ергозыевна

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

13

87054790079

7.       

Байтерекова Марина Абаевна

Директордың дарынды балалар мен жұмыстар жөніндегі орынбасары

21

87054765019

8.       

Кунарова Гульсим Сагитжановна

Әлеуметтік педагог

25

87057309931

9.       

Уразалина Макпал Бакеновна

Психолог

12

87775056622

10.   

Аманжолова Гүлназ Бауыржанқызы

Психолог

87006672878

11.   

Серикбаева Шолпанай Хабибуллаевна

Қосымша білім беру педагогі

14

87784436780

12.   

Ильясова Алия  Шектибаевна

Ұйымдастырушы педагог

13

87058200089

13.   

Толекова  Лайла Мукатаевна

Аға тәлімгер

13

87779712169

Байланыстар / Контакты

Мекен- жайымыз: Ақтөбе обл, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Достық» мөлтек ауданы 21 Б

Адрес: Актюбинская обл, Мугалжарский район, г.Кандыагаш, м/р «Дружба» 21 Б

Қабылдау бөлмесі 8 7133 3-50-90

Сенім телефоны: 8 71333 3-50-49

Приемная 8 7133 3-50-90

Телефон доверия: 8 71333 3-50-49

Email: sh-gim3@mail.ru

Фото