Жаксыбаева Гульжанат Шамеловна

Мектеп директоры

ЖАҢАЛЫҚТАР

Хабарландырулар, жаңалықтар және басқа іс-шаралар

Бейне камера

Қараша 21, 2020

«Адалдық дүкені»

Қараша 21, 2020

МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ

Өткен ғасырдың басында, шамамен айтқанда 1922 жылы ауылдың орталығында жергілікті тұрғындарының ұйымдастыруымен бастауыш мектептің іргетасы қаланып, осы жылы өз жұмысын бастайды. Сол жылдардан бастап жергілікті халықты жаппай сауаттандыру саясатының ықпалымен, бұл үрдіс үзілмей жалғасып келеді. Ел басындағы түрлі жағдайларға байланысты ауылдық мектеп төңіректегі елді мекендерге орын ауыстырылып отырады. Ұлы отан соғысы жылдарында Шіліктікөл деген жерде интернаты бар жеті жылдық мектеп болған. Кейін, мектеп Михайловка (қазіргі Қаракөл) орталығына ауыстырылып, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Сол кездерде К.Маркс мектебі болып аталған ауылдық мектеп, 1973 жылы Орқаш орта мектебі болып қайта құрылып, алғашқы түлектерін шығарады. Бүгінгі таңда 40 жылдан астам тарихы бар Орқаш орта мектебі 1992 жылы Ахмет Жұбанов атындағы орта мектеп болып, қайта аталады. Осы жылдар ішіндегі мектеп түлектері еліміздің көптеген аймақтарында, халық шаруашылығының түрлі салаларында қызмет етуде. Қазіргі таңда  2020-2021 оқу жылында 115 оқушы білім алуда: оның 1-4 кластарда – 35, 5-9 кластарда – 60, 10-11 кластарда – 13; МАД тобында – 7 тәрбиеленушілер бар.

Мұғалімдердің сапалық құрамы

Барлық педагог саны-28

  • Жоғарғы біліктілік санатты мұғалімдер саны –  2
  • Педагог-зерттеуші- 3
  • Бірінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 3 
  • Педагог –сарапшы – 8
  • Екінші біліктілік санатты мұғалімдер саны – 3
  • Педагог модератор – 4
  • Санаты жоқ жас мамандар – 5 

Мектеп ғимараты: 1965 жылы құрылысы қаланған.  200 балаға арналған,  ғимараты- бейімделген. Ауысым – ІІ, көлемі – 2229,1 шаршы метр. 

Материалдық-техникалық базасы. 

Техника жабдықтармен қамтылған кабинеттер: 1 физика, кітапхана  –  жалпы кітаптар саны – 5497, спортзал  – бейімделген, қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген. Барлығы мектепте  29 компьютер, 5 ноутбук,   4 проектор,  2 принтер, 4 телевизорлар бар. Медициналық кабинет бар, лицензия АК10466DD №0185827 28.12.2011ж. 20 орындықты асхана бар. Мектеп ішінде және оқу ордасының ауласында арнайы соңғы үлгідегі түңгі уақыттада бақылауға мүмкіндік беретін 19 дана камера орнатылған. Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты демеушілер көмегімен жылы дәретханамен қамтылған. Күзет – қарастырылған.

Жаксыбаева Гульжанат Шамеловна – мектеп директоры

Мирманов Алик Ахметкереевич – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кашкенова Клара – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Байланыс

Мекен-жайымыз: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қаракөл а/о, Қаракөл ауылы, Мектеп к-сі 4

Қабылдау бөлмесі 8 7134 77-0-76

Сенім телефоны 8 71334 77-0-90

Email: sshazhubanova@mail.ru

Контакты

Адрес: Актюбинская обл, Мугалжарский район, Караколский с/о, с.Каракол, ул Мектеп 4

Приемная 8 7134 77-0-76

Телефон доверия: 8 71334 77-0-90