Ағымдағы жылдың 09 қыркүйек күні Қандыағаш қалалық 3 мектеп гимназиясының ата-аналарымен бөлім басшысы ZOOM арқылы жиналыс өткізді. Оқу жылының алғашқы апталары туралы пікір алысты.

Аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері А.Төлемісова аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мәселелерге тоқталып өтті. Жиналыс барысында ата-аналар білім саласына қатысты сұрақтарымен бөлісіп, пікір алысты.