Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - биылғы жылғы Елбасы Жолдауының рухани жалғасы. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат.

Бұл іргелі мақаланы біз Мемлекет басшысының игі бастамаларымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» және «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы сияқты, Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдадық.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді.

Толығырақ...

 Мұғалжар  аудандық  білім  бөліміне  қарасты 24 орта, 11 негізгі мектептер «Пандемия кезеңінде  білім беру ұйымдарында, COVID  - 19 коронавирустық инфекцияның  таралуына  жол бермеу жөніндегі  шараларды күшейту  туралы» ҚР Білім  және ғылым министрлігінің 2020 жылғы  31  наурыздағы  №121   бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 02 сәуірінде  мектепалды даярлық топтары мен  1 – 11 класс  ата – аналары үшін «Біздің мектепте қашықтан оқыту  қалай жүргізіледі?» және «Қашықтан оқыту барысындағы  ата – аналармен байланыс»  атты  тақырыптарда  жиналыс  өткізді.Жиналыс ZOOM, Whatsapp, Telegram чаты платформалары арқылы өткізілді. Жиналыс аудан бойынша 638 кластарда  өткізіліп, 10528 ата – ана қатысты. Ата – аналар қашықтан оқытуға байланысты мектеп директорларына, мектеп әкімшілігіне, класс жетекшілерге  сұрақтарын  қойып, тығыз  байланыста  жұмыс жасады.

Толығырақ...

Мұғалжар  аудандық  білім  бөліміне қарасты 24 орта, 11 негізгі  мектептерде   «Пандемия кезеңінде  білім беру ұйымдарында, COVID  - 19 коронавирустық инфекцияның  таралуына  жол бермеу жөніндегі  шараларды күшейту  туралы» ҚР Білім  және ғылым министрлігінің 2020 жылғы  31  наурыздағы  №121   бұйрығына сәйкес   2020 жылдың  03 сәуірінде  мектепалды даярлық топтары мен  1 – 11 класс  оқушыларына  «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарда    класс сағаттары   өткізілді. Класс  сағаттары  Whatsapp, Telegram чаты  арқылы өткізілді. Аудан бойынша  класс  сағаттары 612  кластарда  өткізіліп, 10985 оқушы  қатысты.Оқушыларға  қашықтан оқыту туралы  түсіндіріліп, вирустық  аурулардың  алдын алу туралы ағартушылық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ...

Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында жол – көлік оқиғаларының  алдын алу,жолда  абай  болуға, жол  ережелер қауіпсіздігін  сақтау  мақсатында «Жол  ережелерін  кім  білгіш», «Біз  жас  инспекторлармыз», «Жол жүру  ережесін  сақтаймыз!», «Қауіпсіз  автобус!», «Жол  жүргізуші  менің  өмірімді сақта!» акциялары ұйымдастырылды.

Толығырақ...

Ұстаз – ұлағатты есім. Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі - «Ұстаздар күні»! Мерекені мұғалжарлық ұстаздар ерекше атап өтті. Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде өткен шара Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталының 80 жас мерейтойымен ұштастырылды. Бұл шараға қатысқан аудандық мәслихаттың депутаттары, 200-ге жуық білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар, жас мамандар, қоғам қайраткері А.Айталының өнегелі әңгімелерін тыңдап, көкейде жүрген сауалдарын қойды.

Толығырақ...

Ұстаздар күні мерекесіне орай Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері А.Айталы атындағы тарих кабинеті ашылды. Мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталы атындағы тарих кабинетінде «Өнегелі ғұмыр» атты ғалымның өмірінен сыр шертетін стенд қойылған. Салтанатты шараға жиналған ұстаздар қауымына А.Айталы өзінің болашақ ұрпаққа деген сенімін білдіріп, қазіргі таңда елімізге техникалық білімді, тəрбиелі, барлық жағынан бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың қажет екенін жеткізді.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында дарынды балалармен жұмыс жасайтын аудан, қала координаторларына арналған жиын өтті.

 Жиында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы, 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дарынды балалардың қабілетін дамыту жолдары мәселелері қамтылды.

Толығырақ...

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, 14 тамыз күні Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМ базасында мектепке дейінгі білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және олардың ашықтығын қаматамасыз ету арқылы жемқорлық фактілерінің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін, жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйеге енгізу үшін оқыту семинары өтті.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Адал ұрпақ» жобасы аясында жастар арасында адалдық пен адамершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында берілген тапсырмасына сәйкес, аудан мектептерінің барлығында «Адалдық дүкені» ұйымдастырылып жатыр.

Толығырақ...

Бүгін, яғни 2019 жылдың 24 сәуірі күні Ақтөбе қаласында қалалық оқушылар сарайында «Мәңгілік елдің қаласы,Ақтөбем- қазына даласы!» атты Ақтөбе қаласының 150 жылдығына және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жолдауын іске асыруға арналған танымдық- эстафеталық жобаның салтанатты жабылуы өтті. 

Толығырақ...

Мемлекет басшысының шығындарды оңтайландыру жөніндегі тапсырмасы аясында және ҚР Мемлкеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты мектеп директорлары кабинеттерін оқушыларға сабақ оқуға босатып, 1 қабатқа көшірілуде.

Толығырақ...

Page 1 of 4