Бүгінгі күні елімізде бүлдіршіндер мен балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға  аса мән беріліп жатыр.  

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.

Жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 198 бұйрығымен бекітіліп, № 684 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде жүргізіледі. 

Толығырақ...

 Ақтөбе облысының білім басқармасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №2-313 хатына сәйкес, 27-қаңтар мен 27-ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында, білім бөлімі жанынан аудан мектептеріндегі оқушылардың тамақтандыруының ұйымдастырылуын талдау бойынша ведомствоаралық эксперттік жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалып, бірқатар мектептердің ыстық тамақтың ұйымдастырылуына зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Толығырақ...

Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты Ембі қалалық №3 жалпы білім беретін орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруға мектеп ұжымы өз үлестерін қосып әдіс пайдалануда.

Жаз мезгілінде мектептің ауласында ұжым қызметкерлері бірлесіп жер дайындап, көкөністер егіп, күнбе-күн суарып тұрады. Көлемі 87 шаршы метрден тұратын алаңда сәбіз, қызанақ, картоп, қияр, қызылша, асқабақ т.б. егілді. Уақытылы күтім мен қарауда болған бақша өз өнімдерін мол береді. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі зая кеткен жоқ. Осындай тер төге еткен еселі еңбектерінің арқасында көкөністер консервіленді және салат түрлері дайындалып алынды.

Толығырақ...