Ұлттық білім беру деректер қоры туралы мәлімет.

2012-2013 оқу жылынан бастап Мұғалжар аудандық білім бөліміне қарасты  барлық мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру ұйымдары,  мектептердегі шағын орталықтары Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесіндегі электрондық негізде статистикалық ақпаратты жинау жұмыстарын жүргізді.

Білім беру ұйымдары электрондық негізде статистикалық ақпаратты жинау үшін www.e.edu.kz/nobd сайтында орналасқан өз электрондық төлқұжатын толтырды. ҰББДҚ кіру үшін әр мектептің өзінің логині мен паролі бар.

Білім ұйымдары электрондық төлқұжатының келесі тарауларын толтырады:

- тіркеу мәліметтер;

- материалдық-техникалық база;

- білім беру үдерісі туралы негізгі мәліметтер;

- білім беру объектісі туралы негізгі мәліметтер;

- жатақхана;

- қосымша мәліметтер;

- қызметкерлер;

- оқушылар.

2013-2014 оқу жылдан бастап, ҰББДҚ толтырғанда, мектеп директоры деректер қорын толтырғаннан кейін, электрондық-цифрлық қолтаңбамен растайды.


«E-learning» электронды оқыту жүйесі»

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Электронды оқыту жүйесі төмендегідей ішкі жүйелерден тұрады:

 -Ұлттық білімдік мәліметтер қоры;

 -Мектептерді басқарудың ішкі жүйесі (мектеп іс қағаздарын жүргізу, т.с.с)

 -«Электрондық оқулықтар» ішкі жүйесі-e-Book;

 -Оқыту үрдісін басқару ішкі жүйесі - LMS;

 -Оқу мазмұнын басқару ішкі жүйесі - LCMS;

 -Тестіні басқарудың ішкі жүйесі - TMS;

 -Дамытуды басқару ішкі жүйесі - DM;

 -Мониторинг және талдау ішкі жүйесі,

 -Сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру модулі.

Мұғалжар ауданы бойынша осы 2013-2014 оқу жылында «E-learning» электронды оқыту жүйесіне» 3 мемлекеттік білім беру ұйымдары қосылды – Қандыағаш № 1 ОМ, Қандыағаш № 2 ОМ, Қандыағаш № 3 МГ. Әр мектеп бір прокси-сервермен, бір информатика кабинетпен, ноутбукпен қамтылған екі мобильдік кабинет, екі интерактивтік тақтамен, қітапханаға 6 компьютермен, мұғалім бөлмесіне 3 компьютермен (барлығы 68 компьютер) және басқа материалдық құралдармен қамтылады. Аталған білім беру ұйымдары электрондық оқыту порталына мектеп жайы жалпы мәліметтерді салды: мұғалімдер, оқушы туралы әр түрлі ақпараттарды. Қазіргі таңда мұғалімдер оқушылардың сабақтарда алған және тоқсандық бағаларды,  өздерінің күнтізбелік, тақырыптық жоспарларын салып жатыр және де тағы басқа қажетті ақпараттарды. 

 


Скачать инструкции по заполнению и по ЭЦП

Скачать презентации

Скачать руководство пользователя НОБД

Скачать сопроводительные документы