Мұғалжар  аудандық  білім  бөліміне қарасты 24 орта, 11 негізгі  мектептерде   «Пандемия кезеңінде  білім беру ұйымдарында, COVID  - 19 коронавирустық инфекцияның  таралуына  жол бермеу жөніндегі  шараларды күшейту  туралы» ҚР Білім  және ғылым министрлігінің 2020 жылғы  31  наурыздағы  №121   бұйрығына сәйкес   2020 жылдың  03 сәуірінде  мектепалды даярлық топтары мен  1 – 11 класс  оқушыларына  «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарда    класс сағаттары   өткізілді. Класс  сағаттары  Whatsapp, Telegram чаты  арқылы өткізілді. Аудан бойынша  класс  сағаттары 612  кластарда  өткізіліп, 10985 оқушы  қатысты.Оқушыларға  қашықтан оқыту туралы  түсіндіріліп, вирустық  аурулардың  алдын алу туралы ағартушылық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ...

Бүгінгі күні елімізде бүлдіршіндер мен балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға  аса мән беріліп жатыр.  

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.

Жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 198 бұйрығымен бекітіліп, № 684 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде жүргізіледі. 

Толығырақ...

Мұғалжар аудандық білім бөлімі, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру құқықтарының қорғалуы бойынша келесіні хабарлайды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 951 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленуде, оның 767-і қорғаншылықта (қамқоршылықта), 98-і патронаттық тәрбиеде, 86-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мекемелерде тәрбиеленуде. Соңғы жылдары мемлекет саясаты балалар үйін толықтай жоймаса да, сол жерде тұратындардың санын барынша азайтуға бағытталған.

Толығырақ...

 Ақтөбе облысының білім басқармасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №2-313 хатына сәйкес, 27-қаңтар мен 27-ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында, білім бөлімі жанынан аудан мектептеріндегі оқушылардың тамақтандыруының ұйымдастырылуын талдау бойынша ведомствоаралық эксперттік жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалып, бірқатар мектептердің ыстық тамақтың ұйымдастырылуына зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Толығырақ...

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы
Нурсултанова Гаинин Батихановна

 Өмірбаяны

Мектептіқ тамақтану

Информация по горячему питанию в школах Мугалжарского района

1akorda.jpg2akimat.jpg3egov.jpg4goverment.jpg5ministr.jpg6edu.jpg7parlament.jpg8edukontrol.jpg9bala.jpg9nao.jpg9test.jpg9v.jpg9w.jpg1akorda.jpg2akimat.jpg3egov.jpg4goverment.jpg5ministr.jpg6edu.jpg7parlament.jpg8edukontrol.jpg9bala.jpg9nao.jpg9test.jpg9v.jpg9w.jpg