Жазғы демалыс қарсаңында елімізде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.

 Науқанды өткізудің негізгі мақсаты қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

 2020 жылы аталған акция «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтеді.

  Құрметті ақтөбеліктер! Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасында54-03-52 Call-center қызмет етуде. Қоңыраулар күні бойы сағат 19-00-ге дейін қабылданады. Бұдан басқа, сіздің ыңғайлылығыңыз үшін ұялы байланыс телефоны іске қосылған: 8 702 031 25 22.

 Қосымша балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша басқармада 55-17 -92 сенім телефоны жұмыс істейді.