Тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі.

          Педагогикалық технологиялар түрлі негіздемелер бойынша ерекшеленуі мүмкін:

-         туындау негізіне қарай (педагогикалық тәжірибе немесе ғылыми тұжырымдама бойынша);

-         мақсаттары мен міндеттеріне қарай (білімді қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу, дербестігін дамыту);

-         педагогикалық құралдардың мүмкіндігіне қарай (әсер етудің қандай құралы жақсы нәтиже береді);

-         тәрбиешінің технологиялар көмегімен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай (диагностикалық қызмет, даулы жағдаяттарды басқару қызметі);

-         балаға деген көзқарасына қарай. 

Сынып жетекшісі ретінде тәрбиеші өз жұмысында келесі тәрбие технологияларын қолдана алады:

-         Диалогтық (сұхбат) технологиялар (пікірсайыстар, пікірталастар, дебаттар)

-         «Коллаж» технологиясы

-         Ұжымдық шығармашылық жұмыс

-         Шоу-технологиялар

-         Топтық проблемалық жұмыс (жобалар дайындау)

-         Қарым-қатынас тренингі

-         «Ақпарат айнасы» (қабырғаға ілетін хабарландырулар, стенд түрлері)

-         Денсаулықсақтау технологиялары.

-         Жағдаяттық технологиялар

 

  1. 1.     Диалогтық технологиялар (пікірсайыс, пікірталас, дебат)

         Дебат – зияткерлік жарыс, өз көзқарасын және пікірін белсенді түрде қорғауды дамыту біліктілігі.  

Пікірталас – қандай да бір даулы мәселе мен проблемалардың шешімін табу мақсатында оларды талқылау.

Пікірсайыс  (ғылыми айтыс) – ақиқатқа көз жеткізу мақсатында қандай да бір проблема бойынша екі көзқарасты зерделеу үшін қолданылатын ынтымақтастықтың формасы. 

Жоғарыда аталған технологиялар негізінен жоғары сыныптарда қолданылады.

     «Миға шабуыл»

Талқылау нәтижесінде проблемаларды шешу идеяларын көптеп жинау

      Міндетті шарттары:

Сарапшының қорытындысы (жазады)

«Көкектің» қызметі (белгілеу)

Уақытты шектеу (10 – 15 минут)

     «Дөңгелек стол» Бұл дебат өткізу формаларының бір түрі

     «Қатынас хаты» (Оқушылардың жазба жұмыстары, олардың жағдайға, мәселеге көзқарасы. Жиі «жан айқайы», жаңа ғана болған оқиғаға әсері)

     Аяқталмаған әңгіме

«Дүкендегі касса алдында ақшасын жоғалтып алған қыз жылап тұрды. Оған көмектескім келді, бірақ оған ақшам болмады. Мен ...»

     Қарсыаргументтер

«Мен біреудің көшірмесі болғым келмейді, мен – дербес тұлғамын».

     Ранжирование (таңдау)

(не жақсы, ал немене жаман)

  1. 2.     «Коллаж» технологиясы

Табылған иллюстрациялар, цитаталар және қолда бар құралдардан плакаттар жасау арқылы тақырыпты немесе проблеманы зерделеуді болжайды. 

Топтарда жүзеге асырылады.

Презентация (тұсаукесер) ескерілген.          

  1. 3.     Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы  

Ұжымдық шығармашылық тәрбие технологиясын (басқаша атаулары:

жалпы қамқорлық педагогикасы, коммунарлық педагогика, ұжымдық шығармашылық жұмыстар әдісі) И.П.Иванов және оның серіктері әзірледі және енгізді.  

Шығармашылық тәрбиені ұйымдастыру – бұл ұжымның барлық

практикалық жұмыстар, қарым-қатынас, қатынас және барлық бастамаларды өздігімен ұйымдастыру тәсілдерін қамтитын белгілі бір өмір сүру әрекетін ұйымдастыруы.

Кез-келген тәрбие шарасында іс-әрекеттің психологиялық тұрғыдан

қажет 4 кезеңі орындалады: мақсатты жорамалдау, жоспарлау, мақсатты іске асыру, нәтижелерді талдау.

      Ұжымдық шығармашылық жұмыс – ҰШЖ – ұжымдық ізденіс, жоспарлау және қойған мақсатты шығармашылықпен іске асыру.

      Ұжымдық – бұл бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жолдастық, тұлғааралық қатынасын білдіреді.

      Шығармашылық – бұл істі белгілі бір үлгі бойынша емес, жаңаша, бұрынғыдан да жақсы жасауды білдіреді. «Бәрі шығармашыл, басқаша қажеті не?»

    Жұмыс – бұл оның нәтижесі, ортақ пайда және қуаныш дегенді білдіреді. «Жұмыс, шара емес!»

     Бұл – оң іс-әрекетке, белсенділікке, ұжымдық авторлыққа және жақсы көңіл-күйге негізделген, оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдісі. Бағдарына қарамастан шығармашылық жұмысты сауатты іске асырудың сенімді нәтижесі болып не саналады? Бұл оқушылардың  көрермендік емес, керісінше қандай да бір деңгейде ұжымдық авторлық сезім шамасында қоса жүретін іс-әрекеттестіктің оң белсенділігі.     

           ҰШЖ постулаттары:

– ұжымдық шығармашылық;

– ортақ жұмыс және оған ерікті түрде қатысу;

– іс-әрекет формаларын таңдау еркіндігі;

– ересектер мен балалардың ынтымақтастығы;

– шығармашыл дарынды көшбасшылардың ықпалымен ұжымды дамыту.

     Ұжымдық жұмыс түрлері:

     Еңбектік ҰШЖ (мысалы: «Еңбек десанты»)

     Зияткерлік ҰШЖ (мысалы: «Брейн-ринг»)

     Көркем ҰШЖ (мысалы: көркем-эстетикалық шығармашылық)

     Спорттық ҰШЖ (мысалы: «Спартакиада»)

     Экологиялық ҰШЖ (мысалы: табиғаттағы тіршілікке қамқорлық)

      4.    Шоу-технологиялар

      Ойын шаралары қатысушыларды үш топқа бөлумен өткізіледі:

 «Сахна», «Зал», «Жүргізуші».

Үш ерекшелігі:

      қатысушыларды өнер көрсетушілер және көрермендер деп бөледі; сахна төрінде сайысады; ұйымдастырушылар дайындаған сценарий.

      5. Топтық проблемалық жұмыс – бұл оқушылардың проблемалық жағдаяттағы мінез-құлқымен вербалды (сөз жүзінде) жұмыс.

Оның мақсаты – ұйымдастыру шешімдер дайындау, қабылдау, түсіндіру, талқылау. Олар белгілі бір жағдайларға орай дайындалады және қолданылады: мысалы, сыныптағы балалар арасында үнемі алауыздық туындайды, ал оны ұйымдастырушы өз жолдастарын және тіпті ересектерді айламен алдауға тырысады.

Тәрбиеші арнайы түрде «кезекті алауыздықты талдау жағдаяты» технологиясын түзеді:

  1. Алауыздыққа қатысушылардың әрқайсысына болып жатқан оқиғаны сипаттауына мүмкіндік беретін сауал қояды.
  2. «Зардап шеккен жақты» тәрбиеші оның ахуалын түсінетіндігінен хабардар етеді.
  3. Араздасқан жақтарды даудың шығу себебі туралы ойлануға жетелеу;
  4. Балалармен болған оқиғадан шығу жолдарын талқылайды.
  1. 6.     Қатынас тренингі – топтық практикалық психология құралдарының

 көмегімен балаларда түрлі оң педагогикалық тәжірибе аспектілерінің тәжірибесін, қатынас тәжірибесін (өзара түсіністік тәжірибесін, қатынас тәжірибесін, мектептік проблемалық жағдаяттардағы мінез-құлық тәжірибесін) қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық жұмыс формасы. Қатынас тренингтерінде мұнан басқа қандай да бір педагогикалық аспектілерді көруге болады ма? Әрине, иә. Түрлі балалар үшін түрлі себептерге байланысты қатынастың оң тәжірибесінен бөлек басқа да салдарлары болуы мүмкін: бір-бірімен қарым-қатынастың өзгеруі, педагогпен қарым-қатынастың өзгеруі, қандай да бір тұлғалық білім беруді дамыту немесе бекіту. Бірақ бұл – мақсат ретінде жоспарланған нәтижелер емес. Жақсы болған жағдайда бұл тәрбиенің ықтималды болжамдары.         

      7. «Ақпарат айнасы»  

Көпшіліктік графикалық ақпаратқа белсенді қатынас тәжірибесі.

Психологиялық негіздер.

Назар (ықылас) аудару.

Ықыласты қолдау.

Ақпаратты түсіну.

Қатынас.

Ақпаратқа қатысты іс-әрекет.

 

     Технологиялық тізбек

   Алдағы ақпаратқа мақсат қою.

   Ақпараттың пайда болуы.

   Кері байланыстың ашылуы.

   Ақпаратпен жұмыс.

  1. 7.     Денсаулық сақтау технологиялары – бұл:

педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері;

балалардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінде қолайлы психологиялық ахуал тудыру;

денсаулық қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау.

        Абзалы, оқушылардың психологиялық жайлылығы – маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Бір жағынан, осылайша оқушылар шаршауының (қажуының) алдын алу міндеті шешімін табады, басқа жағынан – әрбір баланың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу үшін қосымша ынта пайда болады. 

Тілектестік ахуал, байыпты сұхбат, айтылған әрбір ойға зейін қою, оқушының өз көзқарасын білдіру тілегіне мұғалімнің, тәрбиешінің оң пікірі, жіберілген қателерді әдепті түзету, дербес ойлау қызметіне көтермелеу, орнымен айтылған әзіл немесе шағын тарихи шегініс – бұл әрбір баланың қабілетін ашуға ұмтылған педагогтың бойында болуы тиіс қасиеттердің толық жиынтығы емес.   

Оқушылар сыныпқа нашар баға немесе ескерту алу қаупімен емес, сұхбатты жалғастыру, өз білімін  көрсету, жаңа ақпарат алу тілегімен  кіруі тиіс. Осындай сабақ процесінде эмоционалдық қолайсыздық баланың қолынан тапсырма орындау келмей жатқан, немесе тіпті орындамаған кезде де туындамайды. Сонымен бірге, қорқыныш пен шиеленістің болмауы әркімге іштегі психологиялық кедергілерден арылуға, ойын батылырақ айтуға, өз көзқарасын білдіруге көмектеседі. 

Оның үстіне әрбір оқушы алған бағасының дәлелділігін өзі түсінген жағдайда сабырлылық танытады. Өз қателерін бағалай отыра, оқушы оларды түзету жолын бірден байқайды. Уақытша құбылыс ретінде қабылданған сәтсіздік оқушыны үйде және сыныпта әлдеқайда тиімді жұмыс орындауға  ынталандырады. Педагог оқушының өзіндік талдау жасауға ұмтылысын мадақтайды, оның өз мүмкіндіктеріне деген сенімін күшейтеді.   

Психологиялық жайлылық пен эмоционалдық көтеріңкілік жағдайында сыныптың жұмыс қабілеті айтарлықтай артады, нәтижесінде оқушылар білімді әлдеқайда сапалы меңгеруге және айтарлықтай жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

Мектептегі сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар сыныптан жақсы көңіл-күймен шығады, өйткені осы уақыт аралығында теріс факторлар атымен болған жоқ.

      Баланың денсаулығын сақтау оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажет гигиеналық және психологиялық шарттар туғызуды ғана емес, сонымен қатар түрлі аурулардың алдын алуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауды  болжайды.

Бүгінгі күні денсаулық мәселесін оқу пәндерінің аясында қарастыру өте маңызды. Бұл алған білімді тереңдету мен пәнаралық байланыстарды іске асыруда ғана емес, сол сияқты оқушыға алған білімнің күнделікті өмірмен байланысын көрсетуге, оны өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйретеді.   

      9. Жағдаяттық технологиялар (жағдаятқа қарай қолданылады)

      Сырт көзге қай педагогтің түсінігінде формалардың қайсысы «жаңа», ал қайсысы «ескі» екенін анықтау қиын.  Оларды белгілі бір нақты жағдайдағы нәтижелілігі тұрғысынан қарастыру маңыздырақ.

Мұғалімдер мен тәрбиешілер өз қызметінде қандай технологияны қолданған күнде, олар оқушы пікіріне құлақ аспаса, олар не сезініп отырғанын білмесе бұл технологиялар сәттілік әкелмейді.  

Француз ғалымы Легуве тәрбие ғылымына келесі анықтама берді: «Тәрбие – бұл балаларымызға біздің-ақ өмір сүруге үйрететін ғылым».

Мен бұл ойды былай жалғайын: алдағы өмірдің қатігез немесе қайырымды болуы балаларды қалай тәрбиелеуімізге байланысты.