Тәлімгер  портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – тәлімгердің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген  жұмыстарының талдауын қамту;
Портфолио тәлімгердің өз қызметіндегі тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.

Портфолио:
•Тәлімгердің  біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;
• Тәлімгердің жұмысының нәтижесінің, кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Тәлімгер  портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады.  Портфолио құрамы  Ақтөбе  облыстық  оқу-әдістемелік орталығының нұсқауының  негізінде жасалды.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар,өткізген жұмыстардың  материалдары және т.б.) түрде жасалады.
 Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:
• тәлімгердің  портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуды;
• тәлімгерге  жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
•тәлімгер портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (тәлімгердің  кәсіби дамуының деңгейі туралы);тиісті
Портфолио әдісін енгізу тәлімгердің  жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және тәлімгер  еңбегінің көтерілуіне көмек береді.

Скачать весь документ