ІІІ Халықаралық онлайн шахмат турнирі

ІІІ Халықаралық онлайн шахмат турнирі

2020 жылдың 24-28 қараша күндері «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен ІІІ Халықаралық онлайн шахмат турнирінде Облыс құрама командасына біздің ауданнан екі оқушы іліккен болатын олар: Қандыағаш қалалық #4 ОМ оқушысы Амандық Айжан және Құмжарған НОМ оқушысы Кеңес Еркеназ. 

 ІІІ Халықаралық онлайн шахмат турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО ғимаратында өтті. Жеңімпаздарымыз ІІІ дәрежелі диплом, медаль және сыйлықпен марапатталды. Оқушыларымызға алдағы уақытта тек биіктен көрінуге тілектеспіз!!

Салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды бала кезінен спортқа баулып, облыс және республика көлемінде жетістіктерге жетуіне бағыт-бағдар берген  ұстаздардың, жаттықтырушылардың еңбегі зор. Шәкірт бойына дарытқан еңбектеріңіз жана берсін, демекпіз!