«Қашықтан оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері»

«Қашықтан оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері»

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2020 жылғы 20 желтоқсанда тарих пәні мұғалімдерінің облыстық ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Қашықтан оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Тарих пәні бойынша қашықтан оқыту жағдайында білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, жиынтық жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, қашықтан оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта  мектебінің тарих пәні мұғалімдері, Кадиркулова Фарида Нурадиновна және Кариева Гульнур Болатовна өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Шара қатысушыларымен кері байланыс жүргізді.
Қашықтан оқыту жағдайында тарих сабағын табысты өткізу бойынша тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген онлайн-семинар өз деңгейінде өтті.