Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Мұғалжар аудандық білім бөлімі, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру құқықтарының қорғалуы бойынша келесіні хабарлайды.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 951 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленуде, оның 767-і қорғаншылықта (қамқоршылықта), 98-і патронаттық тәрбиеде, 86-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мекемелерде тәрбиеленуде. Соңғы жылдары мемлекет саясаты балалар үйін толықтай жоймаса да, сол жерде тұратындардың санын барынша азайтуға бағытталған.

Мемлекет Басшысы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдары деинституционализациялау, ірілендіру және трансформациялау жөнінде және қабылдаушы отбасын ашу бойынша тапсырма берген болатын. Бұл балаларды тәрбиеге алуға тілек білдірген азаматтар мен қорғаншылық және қамқорлық бөлімі арасында жасалған келісімшарттың негізінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиеге алудың құқықтық формасы. Қабылдайтын отбасына тұрақты тұруға 4-тен 10 балаға дейін берілуі мүмкін. Сәбиді (баланы) беру – Республикалық дерекқорға тіркелу шартымен, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтарының отбасында жүзеге асырылады. Қабылдаушы ата-ананың екеуіне де ай сайын еңбекақы төленетін болады.

Жоғарыдағы хабарлама негізінде ауданымыздан қабылдаушы отбасын ашып, қамкөңіл балаларға қамқор болсам деген ниет білдірушілерді  Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы, «Жастық» м/а, 2 Д мекен-жайы бойынша орналасқан «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-сіне №204 кабинетіне жұмыс күндері жергілікті уақыт сағ. 09.00-ден 18.30-ге дейін толық кеңес алуға шақырамыз. Байланыс телефоны: 8 (713 33) 3-08-04.