Мектебімізде Қ.Р Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адал ұрпақ» жобасы аясында «Адалдық дүкені» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның басты мақсаты – жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай қасиеттердің әр оқушының бойында болуы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуде екенін ұғындыру.
