Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

2019-2020 оқу жылындағы әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын балаларды  тамактану сапасы бойынша талдау

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598  «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру туралы  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 5-қосымшасына  және Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 04.09.№ 1-910/1  бұйрығы негізінде  мектепте  әлеуметтік қорғалмаған топ балаларының тізімі бекітіліп  ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.  Сонымен бірге «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар » санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды жүргізу үшін комиссиясы құрылды. Комиссия құрамында медициналық,әкімшілік қызметкері ,өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіліп,мектеп басшысының №170 бұйрығымен бекітілді.

Комиссия мүшелері:

Комиссия төрайымы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры:  Ш.А.Медеуова, комиссия төрайымы

Мүшелері: мектеп медбикесі Г.Мақсатқызы, комиссия мүшесі

Әлеуметтік педагог Р.Ж.Балгазина, комиссия мүшесі

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары  Ж.И.Нотанов, комиссия мүшесі

Ата-аналар комитетінің төрағасы М.Б.Жаксылыков, комиссия мүшесі

Қорғаншылық мүшесі: Ж.С.Сарбасова, комиссия мүшесі

Қазақстан  Республикасының  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 5-қосымшасына  сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтуға 7 ата-анадан  17 өтініш түсті. Оның ішінде 3 өтініштің иесі АӘК алатын ата-аналардан,1 өтініш көп балалы отбасы ата-анасы , қалған 3 ата- ана күн көрісі төмен отбасынан.  Өтініштер мектепішілік басқару органының отырысында қаралып, нәтижесінде осы 7 отбасынын 17 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылушылар тізіміне енгізілді.

Тамақтану жағдайы мен сапасын бағалау үшін бракераж комиссиясының жұмыс жоспары құрылды, ыстық тамақты үнемі тексеріп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп отырды. Мектеп медбикесі Г.Мақсатқызы оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мектеп оқушыларынан «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» сауалнама жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тамақтану мәдениетінің негізін қалау, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы мектеп оқушыларын ақпараттандырды.  Сонымен қатар мектеп медбикесі балалардың дұрыс тамақтануы жөнінде мектепішілік жиналыстарда ата – аналарға зиянды тағамдардың адам ағзасына кері әсерін тигізетіндігін айтып түсіндірді.

 Асхана бұрышында перспективалық және апталық ас мәзірі ілінген. Оқушылардың тамақтану кестесі, асхананың жұмыс уақыты, ауыз су режимінің сақталуы, қол жуатын орындарында тазалық сақталған. Аспазшының еңбегің бағалау мақсатында оқушылар «Кері байланыс» арқылы бағалады.