Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

2019-2020 оқу жылында  жетім , ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы, әлеуметтік тұрмысы төмен, көп  балалы  отбасы балаларын мектеп асханасынан бір мезгілгі  ыстық тамақпен қамту туралы талдауы

 (2020 жылы  15  наурызда  педагогикалық  кеңесте  қаралды,  хаттама № 5)

     Қазақстан  Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі  «Білім туралы» заңына және «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды  тамақтандыруды  ұйымдастыру,  сондай- ақ мектепке  дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата –анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін  және  білім алатын  балаларды  тамақтандыруды қамтамасыз  етумен  байланысты  тауарларды  сатып  алу қағидаларын  бекіту туралы»   Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы  31 қазандағы   № 598  бұйрығына және «Отбасы және балалар  саласында  көрсетілетін  мемлекетттік  қызметттер стандарттарын бекіту туралы »  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 13 сәуірдегі  № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы  13 желтоқсандағы  № 684 бұйрығына 5 қосымшасына  және  Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 2019  жылғы  04.09  № 1-910/1  бұйрықтарының   негізінде   тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың  тізімдік  құрамы  зерделенді. Құрамы  бекітілместен  бұрын  жыл сайын  жүргізілетін  «Жалпыға  бірдей  міндетті  оқумен  қамту» айлығының  қорытындысында  анықталды. Мектеп  директорының   2019 жылғы  14 тамыздағы  № 74   бұйрығына  сәйкес «Жалпыға  бірдей  міндетті  оқумен  қамту» айлығы  жарияланды. Айлық  кезінде  әлеуметтік  көмекті  қажет  ететін  отбасылардың  тұрмыс жағдайын тексеріп  зерделеп анықтау  үшін   мектепішілік  комиссия  құрылды. Көше, үй аралау  барысында  анықталған  отбасылардың  жағдайлары  тексеріліп,  зерттеу  актілері  жасалды. Сонымен  қатар  отбасының жан басына шаққандағы табысын анықтайтын   және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар  анықтамалары   алынып ,   жинақталды.

«Жалпыға бірдей  міндетті  оқумен  қамту»  айлығының  қорытындысы  бойынша ата-анасының   қамқорлығынсы з  қалған қамқоршылықта -2  жетім бала , толық емес отбасы-2 , көп  балалы  отбасы  балалар- 12 ,  әлеуметтік  тұрмысы төмен ,  материалдық  көмекті қажет ететін 12   отбасы  анықталды.

Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары  ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталды.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, комиссия мүшелері  жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдады.

Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:

Биылғы оқу жылына ,барлығы 1-11 сыныптар арасында 28 оқушы анықталды:

 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар оқудан шыққан балалар -26;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 0;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар – 2;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар – 0;

5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар

  2019 жылдың  02  қыркүйегінен   бастап  28 оқушы тамақтанды , 30 қыркүйекте  мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмек  жәрдемақысының тоқтауына байланысты Мұғалжар  аудандық  білім  бөліміне  хабарлама түсірілді –  3  оқушы  тізімнен шығарылды. 01 қазанынан  бастап  25- оқушы ыстық тамақпен  қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысының  тоқтауына  байланысты  Мұғалжар аудандық білім бөліміне хабарлама түсірілді – 9  оқушы  тізімнен шығарылды, ата-ана 6 өтініш түсті. Ата-аналар комитеті келіп түскен өтініштерді  қарап шығып, бір отбасының тұрмыс жағдайын тексеріп, акт толтырылды.

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 4;

5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 2     6 оқушы тізімге енгізілді.

Қарашадан бастап  ыстық тамақпен 22-оқушы қамтылды.

Қараша  айында  АӘК  жәрдемақысының тоқтауына байланысты -1 оқушы ыстық тамақ тізімінен шығарылды.

Жалпы алғанда 21 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін  оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы  құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы  мектеп  директорының  бұйрығымен  бекітіледі.

 Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, мектеп медбикесі

Комиссияның  міндеттері:

  • балалардың тамақтануын ұйымдастыруды  және тағамдар сапасын    (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
  • тамақтандыру кәсіпорнымен  қызмет көрсету бойынша  жасалған келісім-шарт  талаптарының  сақталуын  қоғамдық қадағалау;
  • оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылар арасындағы  тұтынушылық сұранысты талдау;
  • комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.

      « Ы.Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі » КММ-нің  оқушылардың тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы  /мониторингті/  комиссия қадағалауды ұйымдастырады.Комиссия мүшелері;

1 М.М Жусупова Мектеп директоры Комиссия төрағасы
3 Ж.Д  Давулбаева Тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары мүше
4 А.Р Урмагамбетова  мектеп медбикесі мүше
5 Ж.Ш Бекбенбетова Әлеуметтік педагог мүше
6 Д.А Уразова Ата-аналар комитетінің төрайымы мүше
7 Г.М Балмағамбетова  Шаруашылық меңгерушісі мүше

 

 Мектепішілік  бракераж комиссиясы  өндірістік  бақылау  міндеттерін жүргізіп, тексеріп  отырады, атап айтсақ:  қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығын,  өнімдер  сапасы  мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштерін , асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуін,  шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуын, ыдыстарды  жуу  сапасын, тағамдарды  сақтау шарттары  мен  мерзімін, тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының  дұрыс  жұмыс  істеуін,  жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалауын, залалсыздандыру  шаралары және т.б. атап өтуге болады.

   Жеткізілген  өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілді.  Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары  мен  жарамдылық  мерзіміне  сәйкес пайдалану бақылауға  алынған.

  Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы, оған жауапты мектебіміздің медбикесі А.Р Урмагамбетова  Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады.

 Енді  осы  тамаққа  бөлінген қаражатқа  келетін  болсақ:

  2019  жылы   7 айға тамақтану бойынша  жұмсалған  қаражат  858 921,70 теңге көлемінде жұмсалды.

2020 оқу жылы  қаңтар  айында – келісім шарт бойынша  149 998,80  теңгеге    асханадан  21 – оқушы күніне  430  теңгеге бір мезгіл ыстық тамақ берілді. 21 оқушы толық ыстық тамамақпен қамтылды,ешқандай оқушы қалыс қалған жоқ.

Ақпан  айында –  келісім шарт бойынша  127 498,98   теңгеге асханадан  21 – оқушы күніне  430  теңгеге бір мезгіл ыстық тамақ берілді.21 оқушы толық ыстық тамамақпен қамтылды, ешқандай оқушы қалыс қалған жоқ.

Наурыз  айында –келісім шар бойынша   674 99,46  теңгеге   асханадан   21 – оқушы күніне 430  теңгеге бір мезгіл ыстық тамақ берілді.
14 наурыздан  бастап  карантин жарияланып, мектеп оқушылары онлайн оқу режиміне көшірілді. Сондықтан наурыз айында оқушыларға  9 күнге 21 оқушыға ыстық тамақ берілді.

  Мектеп  асханасынан  берілетін  ыстық  тамақ   төрт  апталық  ас  мәзірін аудандық  санитарлық  эпидемиялық орталықтың  келісімімен бекітілген.                                          Төрт апталық ас мәзірі  бойынша  1-4 сыныптар бойынша -6 оқушы , 5-11 сыныптар бойынша  -15 оқушы  күнделікті тегін ыстық  тамақ  ішеді.

       Мектеп  асханасынан  берілетін  ыстық  тамақтың  жылдық  жоспары  жасалып бекітілді. Осы жоспарға  сай тегін  ыстық тамақтың кестесі 5 күндік сабақ  кестесімен жасалып, ас  мәзірі  бір  жылға  бекітілген.

 І- ауысымда -15 оқушы, ІІ -ауысымда – 6 оқушы тамақтанады. Тамақтануға  келген  оқушылар  күнделікті  журналға белгіленеді  Сабаққа келмеген  оқушының  себебі анықталып ,өтініш,  денсаулығы туралы анықтамасы алынды. Арнайы  бекітіліп   төрт  апталық  ас  мәзірі  әр күн  сайын  ілініп отырады.  Төрт  апталық  ас мәзірі,  күнделікті ас мәзірімен сәйкес дайындалған.  Мектеп асханасында  тегін тамақтанатын оқушылардың тамақтануын  мектеп  медбикесі, бекітілген  комиссия мүшелері бақылайды.

Тамақтың сапасы, құнарлығы: тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай, орта құнарлығы 7-11 жасқа-850 ккал 11-14 жасқа 950 ккал.Барлық сынып  жетекшілері  оқушыларды  асханаға  алып  барады  және  тамақтану кезінде оқушылардың тәртібін қадағалайды .Мектеп  оқушыларымен  дұрыс  тамақтану тақырыбында  үгін-насихат жұмыстары  үнемі  жүргізіліп  отырады. 1-11 сыныптар арасында дұрыс тамақтану тақырыбында  сынып сағаттары,  сауалнамалар  өкізіліп  отырады.                                                                                                                            Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы  өндірістік қадағалауды ұйымдастырды.  Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың  жағдайын  СанПИН нормаларына  сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар  комитетінің  және оқушылардың  тамақтануын  ұйымдастыру  мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылды. Тамақтану блогы түрі-асхана, отыратын орындар саны-32 орын.

 Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады.  Күн  сайын  асхана жиналып, бейбенбі күндері санитарлық  күн  болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады,  жұмыскерлермен  тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы  бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға аса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш  бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады.                                                                                                                                              Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.   Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы  қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған.    Оның тазалығына  аса назар аударылады.  Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.Асханаға  кіреберісте  оқушылардың  қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне аса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған  аса мән береді.  Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.