«Адалдық дүкені»

«Адалдық дүкені»

Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектепте «Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып, жоспары жасалып бекітілді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубына жауапты маман бұйрықпен бекітілді. Жоспар әдеттегідей екі бөлімде 1) Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары және 2)Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру бөлімдері бойынша құрылды.

Мектепте арнайы «Адалдық алаңы» бар, онда оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа дәріптейтін «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды және іс-шаралар өткізіледі.