Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018  жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына және Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 21 қаңтар 2019 жылдағы №204 қатынас хатына сәйкес ыстық тамақпен қамтылу ұйымдастырылған.

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты негізінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 57 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. І ауысымда 28 бала, ІІ ауысымда 29 бала тамақтанады. Ыстық тамақ ас мәзіріне сәйкес беріледі. Мектеп буфетінде (асханасында) аспазшы мен ыдыс жуушы жұмыс жасайды. Ыстық тамақпен қамтылу уақыты мектеп директорымен бекітілген. Оқушылардың асханада уақытында тамақтануын әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілер қадағалайды. Күнделікті ас мәзірі жазылып, асханада қолжетімді жерде ілініп қойылған. Тағамның дәмі тексеріліп, күнделікті бракераждық журналға тіркеледі. Азық-түліктің сапасын анықтайтын құжаттары (сертификаттары) бар. Аспазшының жұмысқа рұқсат мерзімі 09.03.2020 ж, ыдыс жуушы 09.03.2020 ж.