Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары жасалды. Мектептің ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018жылғы #598 бұйрығымен бекітілген орта білім ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру ды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұймдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларының 2017 жылғы 16 тамыздағы #611 бұйрығының 7 тарауының 122 тармақшасына сәйкес тауарлардың жеткізілімі туралы «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ-сі атынан бөлім басшысымен және өнім берушілер, яғни «Ж.Д.Тыныштыкова» жеке кәсіпкерімен шарт жасалынды. Жалпы мектепте 116 оқушы бар, оның ішінде 2019-2020 оқу жылында 10бала ыстық тамақпен қамтылды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балалары-8, жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейі төмен отбасы балалары-2.

2019-2020 оқу жылында бракеражды комиссия мүшелері 4 рет отырыс өткізілді. Аудан бойынша берілген ыстық тамақтың бір балаға шаққандағы орташа баға құны- 430 теңге. Қорыта келгенде, қыркүйек айынан бастап 16 наурызға дейін ыстық тамаққа 54180 тенге қаржы жұмсалды. Ұсынылған тамақ құны ауданның ас мәзіріне теңгерімді, ет және балық етінен жасалған тағам, көкөніс салаты, жеміс-жидектің 3 түрі күн сайын берілді, бал,сүт өнімдері де бар. Тамақтанудың сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізіліп отырды.