Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар)

мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар

 

  1. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:

– ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;

– тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;

– өнімдерді өткізу мерзімдерін;

– тамақ дайындау сапасын;

– тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

– ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.

  1. Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.
  2. 08.2019 жыл №44/22Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министріңің м.а.2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 «Орта  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру  жәек мектепке  дейінгі білім  беру  ұйымдарыеда, жетім  балалар  мен ата –анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларға білім  беру  ұйымдарында тәрбиеленуші  және  білім алушы  балаларды тамақтандыруды  қамтамасыз  етуге  байланысты тауарларды  сатып  алу  қағидаларын бекіту  туралы бұйрығын  орындау  мақсатында»Ембі қалалық №4 ЖББО мектебінде мектептегі тамақтандыру  жұмысының ұйымдастырылуына  мектеп  директоры З.Т.Болтаева жауапты  болып  бекітілсін.Ембі  қалалық №4 ЖББО мектебінде ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылау және бракераждық комиссиясы  төмендегідей құрамда  бекітілсін:
    • Г.Б.Ералимова –МДТІЖО
    • Н.И.Сандибекова –әлеуметтік педагог
    • М.Д.Айтуаров-МДШІО
    • И.Т.Жапакова –кәсіподақ төрайымы
    • А.Е.Тугузьаева –ата-ана
    • А.Ж.Бекетова –медбике
    • Ж.С.Будешова -психолог

Бракераждық комиссияның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілік мүшелерін, өндіріс меңгерушісін, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдерін міндетті түрде қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілді

Бракераждық комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адамды, оның ішінде осы мектептің ата-аналар қауымдастығының ішінен кемінде 3 адамды құрауы тиіс. Комиссияның жекелеген мүшелерінің болмауы оның қызметіне кедергі болмайды.