Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған.Олар ; Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер.

  • Тамақтану Бракеражды комиссия шешімінің отырысымен басталады.Комиссия мүшелері анықталғаннна кейін ,Ыстық тамақ ұйымдастырылуы басталады. Бракераж комиссия мүшелері 5(бес адамнан)құрылған:Олар : Төрайымы -Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- В.Н. Цымбалюк;
  • Мектеп медбикесі-Г.О.Ахметова;
  • Әлеуметтік педогог-А.М. Рахметова;
  • Шаруашылық меңгерушісі-Г.Қ.Жумагалиева
  • Жалпы мектеп ата-аналарының комитетінің төрайымы.-К.С.Дошанова

 аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ берудің ұйымдастырылуын қадағалау Әлеуметтік педогог-А.М. Рахметоваға  жүктелсін. Комиссияның  міндеттері:

  • балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
  • комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
  • бақылауды жүзеге асыру;
  • тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-
  • шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;

Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

  • адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
  • осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
  • адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Мектеп медбикесі жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.   Әкімшілік пен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бір реттік ыстық тамақ құны 350 теңгені құрайды.

     Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады,сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

 Алтынды ЖББ орта мектебінің  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

  • әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды  тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
  • мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
  • қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
  • тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу./Өтініштерін жаздырып алу/

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдайды.

Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:

Биылғы оқу жылына ,барлығы 1-11 сыныптар арасында 3  оқушы анықталды:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-3;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 0;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар – 0;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар – 0;

5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 0.

Алтынды ЖББ орта мектебінде  оқушылардың тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы  /мониторингті/  комиссия қадағалауды ұйымдастырады.Комиссия мүшелері ;

1 А.У. Есембеков Мектеп директоры Комиссия төрағасы
2 В.Н. Цымбалюк Тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары мүше
3 Г.О. Ахметова  Медбике мүше
4 А.М. Рахметова Әл.педагог мүше
5 К.С. Дошанова Ата-аналар комитетінің төрайымы мүше

Өндірістік/мониторингті/ бақылау міндеттері:

  • қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;
  • өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;
  • асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі;
  • шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
  • ыдыстарды жуу сапасы;
  • тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
  • тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс  жұмыс істеуі;
  • жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
  • залалсыздандыру шаралары және т.б.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.

Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы,оған жауапты мектебіміздің медбикесі Г.О. Ахметова Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады. Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бракераж комиссиясы мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады,оны анықтау үшін үнемі оқушыларда анкеталар алынады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны  10 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.

Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы  қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған  орын бар.

Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

  • әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
  • оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
  • жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін асхана жұмысшысы штат бойынша 0,5 шт бірлігімен 1 аспазшы жұмыс жасайды.