«Парасатты азамат»

«Парасатты азамат»

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, оған 1-11 сыныптар аралығындағы  оқушылар  мүшелікке  қабылданды. «Адал достық» клубының жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Оқушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалынды.

Сыныптарда адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Ұстазыңды ұлықта…», «Қарттарым-асыл қазынам» , «Адамгершілік-асыл қасиет», «Даланың дара ұстазы-Ыбырай Алтынсарин» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. «Мемлекеттік қызмет- өмірлік ұстаным» атты ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Оқушыларды патриоттыққа  тәрбиелеу мақсатында Жаңқасқа батыр  кесенесіне саяхатқа шығарылды. «Мемлекеттік тілге құрмет-тәуелсіздікке құрмет» тақырыбында бастауыш сынып арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды, кітап көрмесі жасалды.

Мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізіліп, жиналыс барысында ата-аналарға құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды, ата-аналарға балаларды құқықты, заңдарды құрметтеуге тәрбиелеуге ұсыныстар айтылды.

«Адал ұрпақ» бағытындағы жұмыстар жоспарға сәйкес жұмысын жалғастырады.