Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Қазақстан Республикасы  Білім және Ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазанындағы №598  қаулысын негізге ала отырып, « Орта білім беру ұйымдарына білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру  және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім  балалар   мен ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған балаларға  білім беру ұйымдарында  тәрбиеленуші  және  білім алушы  балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге  байланысты  тауарларды сатып алу қағидаларын  бекіту  туралы бұйрығын орындау мақсатында  » атаулы әлеуметтік көмек отбасы балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп,  құжаттары жинақталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар оқушылардың барлығы мектеп кітапханасының кітаптар қорынан оқулықтармен қамтамасыз етілді.  Барлық мектеп оқушыларының жағдайы төмен және көп балалы,  толық емес отбасылардың тізімі  және диагностика жасалып, зерттеу қорытындыларының тұрмыстық актісі жазылды.  Оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды.  Ыстық тамақпен қамтылған оқушыларының барлығы атаулы әлеуметтік  көмек  алатындар. Мектептегі (жетім) қамқорлықтағы балалар, көп алалы отбасынан шыққан оқушылар күніне бір рет, 5 күн асханадан тегін ыстық тамақ ішеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздағы 611 бұйрығының 7 тарау  122 тармағына сәйкес «Білім беру обьектілеріне қойылатын талаптар » санитарлық- қағидаларын орындау мақсатында қыркүйек  айында мектебімізде бракеражды комиссия құрылды.Комиссия мүшелері:1.Идирисова Ж.К.-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2.Г.Будешова-әлеуметтік педагог.3.А.Джанзакова-қамқоршылық кеңесінің мүшесі.2019-2020 оқу жылында  мектепте 20 бала ыстық тамақпен қамтылады. 2020 жылғы 24  қаңтардағы 2-313 қатынас хатына сәйкес 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында Құмжарған орта мектебінде «Мектеп асханасы» республикалық  алдын алу іс-шараларын  өткізу акциясы аясында  бракераж  комиссиясы  асхананың  санитарлық жағдайын , тағамдардың  дұрыс берілуін  қадағалап тұрады. Күнделікті ас мәзіріне талапқа сай  бекітіліп, тексеріліп беріледі. Аспаз еңбегіне кері байланыс бағалау  жүргізіліп отырады.