Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Памятка для комиссии – Скачать

Рекомендации для комиссии – Скачать

« Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі

2019-2020 оқу жылындағы әлеуметтік қорғалмаған топқа жататын балаларды  тамактану сапасы бойынша талдау

(2020 жылғы қазан айындағы директор жанындағы кеңесте қаралды)

   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598  «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралытамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру туралы  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 5-қосымшасына  және Мұғалжар аудандық білім бөлімінің 2019 жылғы 04.09.№ 1-910/1  бұйрығы негізінде  мектепте  әлеуметтік қорғалмаған топ балаларының тізімі бекітіліп  ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.  Сонымен бірге «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар » санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 бұйрығы негізінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды жүргізу үшін комиссиясы құрылды.Комиссия құрамында медициналық,әкімшілік қызметкері ,өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіліп,мектеп басшысының бұйрығымен бекітілді.

Комиссия құрамына 5 адам енгізілді.

Комиссия төрайымы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Г.Ж.Байтөлекова

Мүшелері: мектеп медбикесі М.Шамұратова

Әлеуметтік педагог Г.Ж.Дәрменқұлова

Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Гатаулина

Ата-аналар комитетінің төрайымы  Қ.Аязова

     Күн сайын мектеп медбикесі тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізіп,дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізді.Сонымен бірге бракеражды комиссияның жоспары жасалып,жоспар бойынша тамақ өнімдерінің сапасын бақылау,асханадағы ыдыстардың  дұрыс жуылуын және сынған,жарылған ыдыстардың қолданылмауын,оқушылардың дұрыс тамақтануын ,күнделікті тағамның ас мәзіріне сай берілуі ,келген өнімдердің сертификаттарын тексеру жұмыстары жүргізіліп тұрды. Ай сайын бракеражды комисссияның отырысы өткізіліп талқыланды және хаттамасы толтырылды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 5-қосымшасына  сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтуға 27 ата-анадан өтініш түсті.

  Өтініштер мектепішілік басқару органының отырысында қаралып ,нәтижесінде осы 27 отбасынан 55 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылушылар тізіміне енгізілді.Тізім мектеп директорының 20.09.2019 жылғы № 78/4 бұйрығымен бекітілді.

Оның ішінде 2018 жылғы 13 желтоқсандағы №684 бұйрығының 5-қосымшасына  сәйкес

 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес  мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі негізінде

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтамасы бойынша –41 оқушы
  2. жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама бойынша-11 оқушы
  3. отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт бойынша –1 бала
  4. төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат бойынша -0
  5. білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі бойынша – 2 оқушы ,барлығы 55 оқушы қамтылды.

Қазан айында АӘК отбасылардың төленуі тоқтауына байланысты 12 оқушы тізімнен шығарылып,1 ата-ана өтініші негізінде 1 бала қосылды,   45  оқушы қамтылды.

Қараша айында АӘК отбасылардың төленуі тоқтауына байланысты 1 оқушы тізімнен шығарылып 44 оқушы қамтылды

Желтоқсан, ақпан, наурыз айларында 44 оқушы  ыстық тамақпен қамтылды.

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастырудың жоспары  құрылып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектептің медициналық қызметкері дұрыс тамақтану мәдениетін және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырды.

    Мектеп үнемі қызмет көрсету мәдениетін жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді, оқушыларды қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі қызмет көрсетуге және өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді. Мектепте  оқушыларға ыстық тамақ беру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Жалпы білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасы балалары әкімшілік пен мұғалімдердің ерекше бақылауында. Мектепте тамақтанушылардың жалпы камтылуы  15% құрайды. Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балалар үшін ыстык тамақтанудың кажеттілігін түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша акпараттык және тәрбиелік жұмыстар жүргізілді; окушыларды ыстьқ тамақтануға тарту мақсатында сынып сағаттары,сыныптан тыс шаралар өткізілді.