Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Жем қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебі бойынша, Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуіріндегі №198 бұйрығында «Жалпы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген стандарты бойынша 6- қосымшасы арқылы ыстық тамаққа тіркелді. Жалпы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына жэне жеңілдетілген тамақтандыру ұсыну мемлекеттік көрсетілген қызмет болып саналады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысанына тіркеу үшін алдымен жеке санаттарга жататындарды анықтап алу . Жеке санаттарга жататындар:

2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрықтың 14-қосымшасында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін жэне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мына төмендегі санаттар бойынша анықталады.

  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуга құқыгы бар отбасылардан шыққан балалар
  •  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар
  • Төтенше жағдайлардың салдарынан шұгыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар
  • Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын (жұмысыз, ешқандай көмек алмайтын) отбасылардан шыққан балалар жалпы оқыту қорынан берілетін бір мезгіл ақысыз ыстық тамақпен, қыстық киіммен, кітаппен қамтылады.

2019-2020 оқу жылында мектебіміз бойынша -34 оқушы аз қамтылган отбасылар тізіміне алынды. Қүжаттар толық бар.

Тіркеуге алынган оқушылардың ата -аналарынан өтініштері алынып, қабылданды..Осы өтініштен кейін мектеп асханасынан тамақтанатын бала саны есептеліп, мектеп директоры, брокеражды комиссия мүшелерімен бірлесе отырып бекітілді.

Мектепке өнім беруші, ИП Ж.Д.Тыныштыковамен шарт жасалынды. Ыстық тамаққа бөлінген қаражат толық игеріліп,үнемделді. Оқушылардың тамақ ішпей қалган кездері ауа-райына байланысты болмаса, басқа кезде уақытылы ішіп отыр. Тамақтардық перспективалық мэзір ІҮапталық маусымдық(жаз-күз, қыс-көктем) жасалған, қүрылган. Мэзірге қойылатын талаптар толық орындалып отыр. Тэуліктік сынамаларга қойылатын талаптар, дайын тагамдардың сапасын бақылау үнемі жүрізіледі. Тамақты даярлау кезінде белгіленген санитарлық -гигеналық ережесін сақтау асхана аспазшысы С.Аманшина, көмекшісі А.Төлгеновага жүктелді. Ac блогының

персоналдында жұмысқа жіберілген туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы бар (байда бір рет медициналық тексерістен өтіп отыр. Асхана қызметкерлері туралы мәліметтер жиналды жэне ол кісілердің медосмотр өткендігі қатаң түрде қаралады.

Мектеп медбикесі А.Абдулова жеткізілетін өнімдерді қадағалап, олардың өңдеу мен пайдалануга дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіеді. Мектеп экімшілігі мен мектеп медбикесі тарапынан бақылау бар. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Балаларга берілетін ыстық тамақтың жалпы соммасы 350 теңгені құрайды.

Тамақтану кезінде асханада тәртіп қадагаланады, медбике А.Абдулова тамақтың сапасының жақсы болуын, тамақ даярланатын ыдыс-аяқтардың санитарлық -гигеналық талаптарға сай болуының қадағалап отырады. Сонымен қатар, мектеп медбикелері мектеп оқушыларының арасында тамақтануға байланысты сауалнама, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сауалнама қорытындысына сәйкес, балалардың басым бөлігі зиянды заттарды жазган олар: квастар, фритюрде қуырылған өнімдер, паштет, пісірілген жұмыртқа, кремі бар кондитерлік өнімдердің жэне т.б болмайтыны айтылған.

Мектеп тарапынан құрылған бракеражды комиссия мүшелері ыстық тамақты үнемі тексеріп,жүйелі жүмыстар жүргізіп отыр.

Мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыстық тамаққа мүғалімдер тарапынан кезекшілік қүрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес жүмыстар жүргізіліп отыр.