Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

«Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы » КММ 2019-2020 оқу жылындағы   оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық – гигиеналық режим  туралы  мәлімет                          

Мектеп-гимрназия бойынша оқушылардың  ыстық тамақпен қамту  жұмыстарын ұйымдастыруға арналған нормотивтік құқықтың базаларын қалыптастыру  бағытында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру туралы ережесі мен мектепте тамақтануды ұйымдастыру жөнінде бұйрық шығарылды. Оқу жылының басында  мектеп  асханасының дайындығы  тексерілді. Мектеп директоры жанындағы кеңес өткізіліп, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі жасалды. Кезекші мұғалімдер асханадағы оқушылардың дұрыс тамақтануына көңіл бөледі. Асхана жұмысын күнделікті бақылау жұмыстары  күнделікті жүргізіледі. Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша  стенд безендірілді. Мектеп-гимназия  бойынша 86 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-57; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 26 ;жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар – 3;

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.   Әкімшілік пен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бір реттік ыстық тамақ құны 357,14 теңгені құрайды.

     Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген.

Мектебіміздің медбикесі Кубайдуллина Ш. салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады,оны анықтау үшін үнемі оқушыларда анкеталар алынады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.