Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Ақкемер ЖББОМ медбикесі әрдайым оқушылардың тамақтану тәртібін , тағамның мөлшерін тексеріп отырады. Сонымен қатар Ақкемер ЖББОМ бойынша бракеражды комиссиясының жұмыс жоспарлы түрде бақыланады. Балалардың ас мәзірі талапқа сай бекітіліп, тағамның санасы , нормасы қаралып беріледі. Бала денсаулығы , олардың дұрыс тамақтануы біздің қашанда басты назарымызда қала береді.

Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан келген 23 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.     Тамақтандырудың  сапасына жауапты бракеражды комиссия мүшелері асхана жұмысын, перспективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындығын астардың сәйкестігін тексеру, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын бақылау мақсатында тексеру жүргізіліп отырады.