Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМ МЕКТЕБІ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚҚА ТАЛДАУ

Бүгінгі күні елімізде бүлдіршіндер мен балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыруға аса мән беріліп жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жалпы білім беретін мектептер білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.Жекелеген санаттағы оқушыларды анықтау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 198 бұйрығымен бекітіліп, № 684 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде жүргізіледі.

№2 ЖББОМ бойынша 2019-2020 оқу жылының І – жартыжылдық бойынша 26 ата – анадан өтініш түсіп, 45 оқушы мектепішілік ыстық тамақпен қамтылды. ІІ – жартыжылдық бойынша 79 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.

Оның ішінде:

  1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар саны – 57;
  2. жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар саны – 20;
  3. отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 2;

Мектебіміздің асханасын жалға алушы ЖК «Муканова» болып табылады. Жалға алушы ЖК «Муканова» барлық сертификаттары бар.Асхана қызметкерлері барлық кауіпсіздік нормаларын сақтайды. Тамақтану бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың күнделікті тамақ ішулерін бақылап, ай сайын ыстық тамақтың есебі беріліп отырылады. Ыстық тамақ ішетін балалардың тамақтануын ұйымдастырып, асхана өнімдерін тексеруге негізделген бракераждық комиссия құрамы бекітіліп, бракеражды комиссия іс-шара жоспарына сәйкес ай сайын асханаға бақылау жүргізеді. . Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамызындағы 7 – тарау 122 тармағына «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығын орындау мақсатында тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды жүргізетін бракеражды комиссиясы төмендегідей құрамда құрылды.

1.Ж.Д.Әбденова-мектеп директоры, комиссия төрайымы;

Мүшелері:

  1. С.Т.Туменбаева-ДТІЖО
  2. 2. М.Қ.Икласова- Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  3. С.Каналина – ата-аналар комитеті;
  4. Д.Қ.Сәкен- Әлеуметтік педагог;
  5. А.Н.Аманжол – Мектеп психологы
  6. А.Муканова- Мектеп медбикесі
  7. Н.Аманғалиева – Қамқоршылық кенесінің мүшесі.

Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Соңдықтан асханадағы бөлмелер мен құрал жабдықтардың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сай санитарлық жағдайда болуын , мектеп асханасының көрінетін жерінде дұрыс тамақтану бұрышын ұйымдастыру, ата-ана үшін «Бақылау асын қою», қолданып жүрген заңдылықтарға сәйкес сапалы әрі қауіпсіз азықтармен асхананың қамтамасыз етілуі, оқушылардың тамақтан улануының алдын алу мақсатында асханада пастерленбеген сүтті, газдалған сусындарды, тез дайындалатын тамақты (гамбургерлер,хот-дог, фаст-фуд тағамдары, чипси, кириешки, қуырылған жұмыртқа,бәліш) құрамында гинетикалық түрлендірілген индегредиенттері бар өнімдерді бар қолдануға тиым салынуын мектеп медбиекесі А.Муканова қадағалап отырды.

 

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ :

ДҮЙСЕНБІ – ЖҰМА – сағат 8.00 – 17.30

МЕКТЕП ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ сағат 12.30- 14.00

КҮН САЙЫН ЫЛҒАЛДЫ ЖИНАУ

с 11.00 до 11.30

с 13.00 до 13.30

АСХАНАНЫ КҮН САЙЫН ЖИНАУ

Сағат: 17.00 – 18.00

КҮРДЕЛІ ЖИНАУ СЕНБІДЕ

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АСХАНАДАҒЫ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ

Барлық оқушылар осы нұсқаулықты ас ішу уақытында сақтауы қажет.

І. ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ

  1. Асханаға тәртіпті сақтай отырып асықпай, сабырлықпен кіріп және шыққан жөн.
  2. Асханаға сөмке немесе портфель апармаған жөн.
  3. Асхананың ішкі бөлмелеріне кіруге болмайды.
  4. Ыдыстар мен жиһазға ұқыптылықпен қараған дұрыс. Оларды сындыруға болмайды.
  5. Электрожарығын өздігінен қосуға және сөндіруге тыйым салынады.
  6. Терезені және терезенің желдеткішін өздігінен ашып – жабуға тыйым салынады.

АСХАНАДАҒЫ ЖАРАҚАТ АЛУ ҚАУІПСІЗДІГІ:

– Электржарығын косып және сөндірген кезде (тоқ соғу қаупі бар)

– Ыстық тағам, шәй құйылған ыдысты тасу кезде (күйіп қалу қаупі бар)

– Шыны ыдыс сынған жағдайда (жарақаттану қаупі бар)

ІІ. АС ІШУ АЛДЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

  1. Ас ішу алдында қолды сабындап жу.
  2. Асханаға кірген кезде тәртіп ережесін және ас ішу уақытынның кестесін сақта.
  3. Үстел басында өз орнына отыр.

ІІІ. АС ІШУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

  1. Үстел басында тәртіп ережелерін сақта.
  2. Жолдастарының ас ішуіне бөгет жасама.
  3. Ас ішкен кезде сөйлеспе, көршілеріңді итерме
  4. Ыстық тағамды асықпай, мұқиятты іш.
  5. Босаған ыдысты сол жағына қойып, оның құлағанына жол берме.

ІV. ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

  1. Қауіпті жағдай туылған жағдайда (өрт, өткір иіс шығу) сынып кураторы немесе аспазшылардың бұйырымен асхананы босатқан жөн.
  2. Жарақатталған кезде көмек алу үшін кураторға жолық.
  3. АС ІШКЕНЕН КЕЙІНГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
  4. Асханадан сабырлықпен, бірін-бірі итермей, тәртіп сақтап шыққан жөн.
  5. Асханадан тамақ шығарма.