Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда.

Бұл жобаның мақсаты – қоғамдағы сенім атмосферасын құру, оқушыларға өзін лайықты және адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру. «Адалдық дүкенінде» сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Оқушы қалаған затын алады да, төленетін ақшаны қасындағы қорапқа салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушыларды ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сондай-ақ мұндай дүкендердің сатушысыз қызметі бала кезінен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет»қалыптастыруға көмектеседі.