«Адалдық дүкені»

«Адалдық дүкені»

«Адал ұрпақ» жобасы аясында мектебімізде «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды.

Басты мақсаты -оқушылар арасында адалдық пен адамгершілік моральдық қасиеттерді қалыптастыру.

Дүкен сөресіне мұғалімдер мен ата-аналар тарапынан берілген қайырымдылық қорының қаражатынан оқу құралдары алынып, сатылымға қойылды.Оқушылар «Адалдық дүкені» сөресінен өздеріне қажет заттарды сатып алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп  айырысты. Оқушылардың оғаш қылықтары байқалмады.

Оқушылардың моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған бұл шараға оқушылар белсене қатысты.