Тамақтану туралы мәлімет

Тамақтану туралы мәлімет

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің асханасы 120 орынға жабдықталған. 2019-2020 оқу жылында мектеп асханасынан 13 оқушы ыстық тамақпен тамақтанды.

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Медбикенің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.

 Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Асхана барлық талаптарға сай,күнделікті жұмысын, тазалығын мектеп медбикесі Д.Мурзағалиева бақылап отырады.