“Парасатты азамат” бұрышы туралы  мәлімет

“Парасатты азамат” бұрышы туралы мәлімет

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жасалуда. Клуб мүшелері  9-11 сынып  оқушыларынан  құралған. Жетекшісі: педагог ұйымдастырушы Бокашева Жадыра Бекболовна.

Мектепте оқушылар, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған. «Парасатты  азамат» бұрышы мектептің кіреберіс дәлізіне орналасқан . Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне  құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, еңбекүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу.