Мектеп тамақтану

Мектеп тамақтану

Қандыағаш қалалық № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің  2019- 2020 оқу жылы бойынша  оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық – гигиеналық режимді талдау жұмыстары.

Тамақтандыруды ұйымдастыру.

            2019 – 2020 оқу жылының басынан оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық – гигиеналық режимдерді қатаң сақтау мақсатында жұмыстар жоспарланып жүргізілді. Мектепте оқушылардын ыстық тамақпен уақытылы және сапалы тамақтандыру үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау мақсатында төмендегідей комиссия  құрылды.

      Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына : мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер.

Олар:

1) Б.Е.Утешова – мектеп директоры, комиссия төрайымы

2) Ы.Н.Тулегенова   – директордың тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары,  комиссия мүшесі.

3) К.А. Шаңғұтова – директордың шаруашылық  ісі  жөніндегі  орынбасары,  комиссия мүшесі

4) Г.С.Алиева – мектеп медбикесі, комиссия мүшесі

5) Б.Смагулова – әлеуметтік педагог, комиссия мүшесі

6) Қ.А. Нұрлиева – ата-аналар комитетінің төрайымы, комиссия мүшесі

7) Ж.А. Калдыгожина –  кәсіподақ мүшесі, комиссия мүшесі

Комиссияның  міндеттері:

  • балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
  • комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.
  • бақылауды жүзеге асыру;
  • тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-
  • шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;

Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

  • адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
  • осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
  • адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.   Әкімшілік пен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бір реттік ыстық тамақ құны 350 теңгені құрайды.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкерлері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

Қандыағаш қалалық № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

  • әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды  тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
  • мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
  • қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
  • тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу./Өтініштерін жаздырып алу/

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдайды.

Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:

Биылғы оқу жылына ,барлығы 1-11 сыныптар арасында 57 оқушы анықталды:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар – 57 оқушы анықталды.

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 0;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар – 0;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар – 0;

5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 0.

Қандыағаш қалалық № 1 жалпы білім беретін орта мектебінің  оқушылардың  тамақтануды ұйымдастыру және сапасын бақылау комиссиясы  /мониторингті/  комиссия қадағалауды ұйымдастырады. Комиссия мүшелері ;

1 Б.Е.Утешова Мектеп директоры Комиссия төрағасы
2 К.А. Шаңғұтова Шаруашылық істері жөніндегі директордың орынбасары мүше
3 Ы.Н.Тулегенова Тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары мүше
4 Г.С.Алиева  Медбике мүше
5 Б.Смагулова Әл.педагог мүше
6 Қ.А. Нұрлиева Ата-аналар комитетінің төрайымы мүше
7 Ж.А. Калдыгожина Кәсіподақ мүшесі мүше

 

Өндірістік/мониторингті/ бақылау міндеттері:

  • қосалқы құжаттардың рәсімделу дұрыстығы, тағам өнімдерінің таңбалану дұрыстығы;
  • өнімдер сапасы мен қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері;
  • асхана блогындағы сәйкес құжаттамаларды жүргізу толықтығы, дұрыстығы және рәсімделуі;
  • шикізат пен дайын өнімнің тоғыспалы арналарының болуы;
  • ыдыстарды жуу сапасы;
  • тағамдарды сақтау шарттары мен мерзімі;
  • тоңазытқыш пен технологиялық құрылғыларының дұрыс  жұмыс істеуі;
  • жеке гигиенаның сақталуын және қажетті тексерістерден уақытылы өтуді қадағалау;
  • залалсыздандыру шаралары және т.б.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған.

Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы,оған жауапты мектебіміздің медбикесі Райымкулова С.Т. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады. Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бракераж комиссиясы мектеп әкімшілігі мен мектептік-базалық тамақтандыру комбинаты арасындағы байланыстырушы болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады,оны анықтау үшін үнемі оқушыларда анкеталар алынады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны  жеткілікті.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Оқу жылы ішінде ас мәзірінде балғын көкөністер болады.

Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды.

Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен жеміс шырындары сатылады.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.

Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

  • әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
  • оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
  • жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
  • тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін жәнет де оқушыларды тамақтандыру жұмыстары бойынша жеке кәсіпкер Тыныштықова Жанат Дуйсенбиевнамен екі жақты келісімдер жасалынып, құжаттары жасалынды.  Әр тағамға берілетін тағамдар сертификаттарының  түгел болуы, сапасы бракеражды комиссияның бақылауында  болып отырады.

Асхана  жағдайы талапқа сай жұмысын жасап тұр. Аспазшылар уақтылы медициналық тексерістен өткізіледі.

Асханада екі мезгілде мұғалімдер және мектеп әкімшілігі кезекшілік атқарады.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары бойынша 15 күндік, бір айлық есептер жүргізіліп отырады.

 Талдау дайындаған әлеуметтік педагог : Б.Т.Смағұлова


 

   Қандыағаш қалалық № 1 жалпы білім беретін орта мектебі бойынша  «Мектеп асханасы» республикалық акциясы туралы мәліметі.

Ақтөбе облысының білім басқармасының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №2-313 хатына сәйкес, 27-қаңтар мен 27-ақпан аралығында «Мектеп асханасы» республикалық акциясы аясында жүргізілетін жұмыстар нәтижесін бақылау мақсатында білім бөлімі жанынан мектептеріндегі оқушылардың тамақтандыруының ұйымдастырылуын талдау бойынша ведомствоаралық эксперттік жұмыс тобы мектебімізге келіп жасалынып жатқан жұмыстарға, мектептегі ұйымдастырылған ыстық тамақтың ұйымдастырылуына оң баға беріп кетті. Бұл топ Нұр Отан партиясының 2018-2020 жылдарға арналған «Мектеп асханалары» жобасын іске асыру аясында білім беру ұйымдарында зерделеу жүргізу барысында асханалардың қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Ас болсын», «Денсаулық бұрышына» оқушылардың тамақтану кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесінің болуы талапқа сай екендігін атап өтті.

Зерделеу барысында анықталған: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың «31» қазанындағы № 598 бұйрығына сәйкес Мұғалжар ауданына қарасты мектептерінің білім алушыларына тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша белгілі қызметтер көрсету бойынша өнім беруші «Ж.Д.Тыныштыкова»  мектеп асханаларында балалар ас мәзірінде қолдануға тиым салынған өнімдер қатарына жататын жасанды бал мен ультрапастерленген сүт өнімдерін аспазшылардың қолданып отырғандығына жасалынған актсі өз уақытында жасалған дұрыс жұмыс деп есептеді.

Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітіліп, 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №20 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бойынша біршама жұмыстар жолға қойылған. Сапалы су ішу тәртібі, қол жуатын орындар жасақтаған.

Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурсында «Мектептік тамақтану» айдарымен құрылған тамақтануға байланысты ақпаратты жүйелі түрде желіге орналастыру жұмыстары бойынша бұйрықтар шығарылып, жауапты маман бекітілген./бұйрық қоса жалғанды/

Аудандық ведомство аралық эксперттік топтың мүшелері оң нәтиже ретінде атап өткен ыстық тамақпен қамтылған білім алушыдардың ас мәзірі, аспазшы еңбегіне деген берілетін оқушылардың кері байланысты бағалауы еркеше деп   атап өтілді.