Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 30 сәуірдегі
№ 167 бұйрығына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есепке алу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

  1. Азаматтарды есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүргізеді.

Құжаттарды қараудың және бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қоюдың мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

2-тарау. Азаматтарды есепке алу тәртібі

  1. Азаматтардың есебіне:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған ерлі-зайыптыларды;

3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;

4) өзіне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адамдарды;

5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;

6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

8) дәстүрлі емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;

9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды;

10) азаматтығы жоқ адамдарды;

11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды;

12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;

13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды;

14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);

15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар қойылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, балаларды асырап алғысы келетіні туралы өтініш (еркін нысанда) береді.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
  4. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының және, егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, егер некеде тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, неке қию туралы куәлікті, «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде балалардың туу туралы куәлігін көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызмет беруші қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес бала асырап алуға үміткер болуға сәйкестігін тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушыдың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды және акт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға порталға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алғаны туралы хабарлама жібереді және оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.

Оң қорытынды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушылар Республикалық деректер банкінде қамтылған асырап алуға жататын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, орган қорытындыға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға порталға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда сол сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.

Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды

  1. Республикалық деректер банкінде жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтатуға:

1) тұлғаның баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауы;

2) Республикалық деректер банкінде ол туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтату туралы өтініш;

3) тұлғаға баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндері берілген жағдалардың өзгеруі;

4) баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғаның қайтыс болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күні
4 Қызмет көрсету нысаны Электрондық
5 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) қорытындысының дайындығы туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін
7 Жұмыс кестесі Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
8 Құжаттар тізбесі 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш;
2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
3) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы, Кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түскен табыстары және некеде тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) өзге де табыстары туралы анықтама);
4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйін пайдалану құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың психологиялық дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы;
3) соттың ерлі-зайыптылардың біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тануы;
4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттету;
6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жоюы;
7) көрсетілетін қызметті алушының ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;
9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлі емес жыныстық бағдарды ұстануы;
10) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 15) тармақшасында аталған адамдар;
11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
15) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
16) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген (баланың жақын туыстарын қоспағанда) көрсетілетін қызметті алушылар;
17) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
10 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бектемін__________                                                                          Мұғалжар аудандық білім                                                                                   бөлімінің басшысы                                                             Г.Нурсултанова

 

Қазақстан Республикасының
азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап
алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
2-қосымша

  Нысан

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

АКТІСІ

 

Қандыағаш қаласы                                                                    24.09.2020 жыл

 

  1. Азаматтардың жалпы мінездемесі

Тегі: Садуакасова

Аты: Гулзат

Әкесінің аты (бар болған жағдайда): Куандыковна

туған күні: 07.07.1983 ж.

азаматтығы: Қазақстан Республикасы

білімі: жоғары, Қ.Жұбанов ат. университет 2002-2006 жж., тарих және география пәнінің мұғалімі.

жұмыс орны: Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ.

Лауазымы: тарих пәнінің мұғалімі.

тұратын мекен-жайы: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Б.Майлин көшесі, №18 үй.

Некеде: 28.04.2012 жылдан бастап некеде тұрады.

бұдан бұрынғы некелері: жоқ

 

 

  1. Тегі: Жиенбаев

Аты: Адилбек

Әкесінің аты (бар болған жағдайда): Муратович

туған күні: 22.02.1984 ж.

азаматтығы: Қазақстан Республикасы

білімі: жоғары, Қ.Жұбанов ат. университет 2001-2005 жж., бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.

жұмыс орны: Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ.

Лауазымы: технология пәнінің мұғалімі.

тұратын мекен-жайы: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Б.Майлин көшесі, №18 үй.

Некеде: 28.04.2012 жылдан бастап некеде тұрады.

бұдан бұрынғы некелері: жоқ

 

  1. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

 

жалпы ауданы: 106,10 (ш.м.)

тұрғылықты ауданы: 77,60 (ш.м.)

тұрғын бөлмелердің саны: 5

тіркелгендер: 4 адам тұрақты тұрады:

 

  1. Жиенбаев Мурат Мамбеталиевич, 20.12.1950 ж.т., – зейнеткер. Орташа зейтақы көлемі – 120 000 тг.
  2. Кунырбаева Тарбия Данагуловна, 29.11.1950 ж.т., – зейнеткер. Орташа зейтақы көлемі – 70 000 тг.
  3. Жиенбаев Адилбек Муратович, 22.02.1984 ж.т., – Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің технология пәнінің мұғалімі.

Орташа айлық жалақысы – 170 000 тг.

  1. Садуакасова Гулзат Куандыковна, 07.07.1983 ж.т. – Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі. Орташа

айлық жалақысы – 170 000 тг.

 

Үйдің, пәтердің тиесілілігі:  жеке, Жиенбаев Мурат Мамбеталиевич,

20.12.1950 ж.т., – зейнеткер.

тұрғын үйдің жайлылығы: абаттандырылған

санитариялық-гигиеналық жай-күйі: жақсы

тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер:

 

 

  1. Отбасы мүшелерінің және бірге тұратын азаматтардың сипаттамасы

      отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

 

  1. Жиенбаев Мурат Мамбеталиевич, 20.12.1950 ж.т., – зейнеткер. Орташа зейтақы көлемі – 120 000 тг. Туыстық қатынасы: А.М.Жиенбаевтың әкесі.
  2. Кунырбаева Тарбия Данагуловна, 29.11.1950 ж.т., – зейнеткер. Орташа зейтақы көлемі – 70 000 тг. Туыстық қатынасы: А.М.Жиенбаевтың анасы.
  3. Жиенбаев Адилбек Муратович, 22.02.1984 ж.т., – Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің технология пәнінің мұғалімі.

Орташа айлық жалақысы – 170 000 тг.

  1. Садуакасова Гулзат Куандыковна, 07.07.1983 ж.т. – Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі. Орташа

айлық жалақысы – 170 000 тг.

Отбасының жылдық табысы: 6 360 000 тг.

 

  1. Биографиялық деректер

 

Г.Садуакасова 07.07.1983 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. Отбасында 8 ағайынды баланың кенжесі болып келеді. Ата-аналары мал шаруашылығымен айналысқан қарапайым отбасы. Жалпы отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас жақсы, бауырларымен, туыстарымен жақын араласып тұрады. 2000 жылы Арал аудандық №248 Тоқабай орта мектебінің 11-сыныбын бітіріп, 2002 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов университеттіне түседі. Қазіргі таңда, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі. 28.04.2012 жылдан бастап аз. А.Жиенбавпен некеде тұрады.

А.Жиенбаев 22.02.1984 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Отбасында 2 баланың үлкені, артынан ерген қарындасы бар. Ата-анасы қарапайым мемлекеттік жұмысшылар болған. Жалпы отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас жақсы, бауырларымен, туыстарымен жақын араласып тұрады. 2001 жылы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің 11-сыныбын бітіріп, 2001 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов университеттіне түседі. Қазіргі таңда, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-нің технология пәнінің мұғалімі. 28.04.2012 жылдан бастап аз. Г.Садуакасовамен некеде тұрады.

 

  1. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар

 

отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы: бұрын отбасын құрмаған.

отбасының қазіргі уақыттағы жағдайы: жақсы

бала асырап алушылардың жеке қасиеттері: адамгершілі мол, кішіпейіл, ортада тез тіл табысады, жауапкершілікті.

қызығушылығы, бос уақытын өткізуі: қолөнер

дүниетанымы: өмірге деген қөзқарасы жақсы

дінге: көзқарасы жақсы

бала тәрбиелеуге көзқарасы: жақсы

балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы: бар, себебі мұғалімдік қызметте 12 жылдық өтілімі бар.

жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы: жақсы, келісім берген.

 

 

      6.Бала асырап алуға себеп: белгілі жағдайларға байланысты балалы бола алмауы

 

7.Қорытынды: баланы отбасына қабылдау үшін қажетті жағдайлар бар ма.

 

 

Мұғалжар аудандық білім

бөлімінің сектор меңгерушісі                                           Ж.Е.Уваисова

 

Мұғалжар аудандық білім

бөлімінің бас маманы                                                        М.К.Жуманбетова

 

 

 

20__ жылғы «____» __________ __________________ (қолы)

 

 

«Таныстырылды»:

__________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы

_______________ _________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын,
Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды,
ата-аналарының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап
алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
3-қосымша

Нысан

  Мұғалжар аудандық білім бөлімі жанындағы қорғаншылық және қамқоршылық органы
(қорғаншылық немесе
қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын
органның атауы)

Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тегі: Садуакасова

Аты: Гулзат

Әкесінің аты (бар болған жағдайда): Куандыковна

туған күні: 07.07.1983 ж.

 

Тегі: Жиенбаев

Аты: Адилбек

      Әкесінің аты (бар болған жағдайда): Муратович

туған күні: 22.02.1984 ж.

      мекен-жайы (тұратын мекен-жайы, индекс):  Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Б.Майлин көшесі, №18 үй. индекс 030701

 

Отбасының сипаттамасы: Отбасында 4 адамнан құралған.  28.04.2012 жылдан бастап некеде тұрады.  Бұрын некеде тұрмаған, балалары жоқ.  Балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі бар, себебі екеуіде бірнеше жыл мүғалімдік қызметте.  Жалпы отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас жақсы, бауырларымен, туыстарымен жақын араласып тұрады. Жақын туыстары олардың бала  асырап алуға көзқарастары жақсы. Бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері жақсы.

Білімі және кәсіби қызметі: Г.Садуақасова мен А.Жиенбаветың білімдері жоғары. Қазіргі таңда Мұғалжар ауданы  Қандыағаш қалалық №5 ЖББОМ-де тарих және технология пәнінің мұғалімдері болып жұмыс жасайды.

Денсаулық жағдайының сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы): бала асырап алуға тілек білдірушілердің денсаулығының жалпы жай-күйі дәрігерлік қорытындыға сәйкес жақсы, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқ.

Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері): аталмыш отбасының жылдық табысы: 6 360 000 тг.

      Бала асырап алуға себеп: белгілі жағдайларға байланысты балалы бола алмауы.

Қорытынды: Өтініш беруші азаматша Г.К.Садуакасова және А.М.Жиенбаев бала асырап алуға үміткерлер болуына мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

Мұғалжар аудандық білім

бөлімінің басшысы                                                             Г.Нурсултанова

 

2020  жылғы » 24 » қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын,
жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды асырап алуға
тілек білдірген адамдарды
есепке алу қағидаларына
4-қосымша

  Нысан
  _________________________
(Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органы)

Бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу туралы хабарлама

______________________________

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

_______________________________( көрсетілетін қызметті алушының туған күні)

Бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды алу үшін

_______________________________________________________________

мекенжайы бойынша орналасқан (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының,

аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының мекенжайы)

_______________________________________________________________

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары) хабарласу қажет.

Жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған хабарламасы:

_________________________________________________

(жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы).