Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ, 030701, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастық» м/а, 2,  анықтама үшін телефоны: 8(71333) 7-92-66, факс: 8(71333) 3-18-41, e-mail: zh.baitakov@aktobe.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ  басшы орынбасары, санаты Е-R-2,  /08-2-1/ санаты, 1 бірлік.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  127418 теңгеден 172369 теңгеге дейін.

           Функционалдық міндеттері: Білім беру саласындағы  Қазақстан Ресупбликасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау, жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға   арналған Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бақылау, жүзеге асыру; жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процестерінің мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуын бақылау;  жалпы білім беретін мектептердің жұмысының жоспарлануын бақылау, оқу бағдарламасының орындалуын бақылау, тексеру; оқу-тәрбие процестерінің сапасына және оның техникалық базасына, олардың қай ведомоствоға қарайтындығына қарамастан білім ұйымдарының аттестациялану кезінде бірлесіп жұмыс атқаруды ұйымдастыру; ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстарына, жалпы орта, негізгі орта білім беретін ұйымдарда оқу жетістіктерін сырттай бақылауға дайындық жұмыстарына жауап беру;   шағын жинақталған мектептердің жұмысын қадағалау; бөлімнің жылдық жоспары  құру; аудан әкімшілігіне бөлім жұмысының қортындысын  дайындап, тапсыру; бөлім бойынша шығарылатын аудан әкімдігінің қаулыларының дайындалуына басшылық жасау, тіркеу және орындалуын бақылау; бөлім кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау, есепке алу; бөлімде, бөлімге қарасты  білім беру мекемелерде Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай болуын  бақылау, қадағалау;  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің сақталуын қадағалау;  бөлім басшысының бұйрығына сәйкес түрлі комиссиялардың төрағасы немесе орынбасары міндеттерін атқару; бөлімнің орталықтандырылған бухгалтериясының барлық салалары жұмыстарына жетекшілік ету; мемлекеттік қызметтер көрсету тізбесі бойынша мемлекеттік қызметтердің сапасының сақталуын бақылап, жүйелі жүруіне басшылық жасап, қадағалау.

             Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «білім» білім.

          Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

             Құжаттарды қабылдау уақыты: 14.10.2020-16.10.2020 жыл аралығында.

1)         «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8–тармағының 3 бөлігіне сәйкес, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді

Әңгімелесуді өткізу уақыты: 20.10.2020 жыл. Әңгімелесуді өткізу орны: 030701, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, «Жастық» м/а 2, «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» ММ.

  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері  қатыса  алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін азамат әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Анықтама телефоны: 8(71333) 3-48-52, 3-24-38. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша  шағымдануға құқылысыз.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

____________________________________

(қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

  «___»_______________ 20 __ ж.