Ұстаздар күні

Ұстаздар күні

Ағымдағы жылдың 5 қазаны күні Ұстаздар күніне орай аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қобландин білім саласындағы жетістіктері үшін Қандыағаш қалалық округінің, Еңбек ауылдық округінің, Ақкемер ауылдық округінің ұстаздарын аудан әкімінің Алғыс хатымен және сыйлықтармен марапаттады. Шара барысында Ғ.Қобландин білім саласының қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздардың ерен еңбектерін айтып өтті.